Ақталған азаматтарға келген залалды өтеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 30 желтоқсан N 1495. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.12.28. N 1914 қаулысымен. ~P001914

      Жаппай қуғын-сүргiн құрбандары шеккен материалдық залалдың өтемақысын қазiр мүмкiндiгiнше барынша қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Ақталған азаматтардың (немесе олардың мұрагерлерiнiң) олардың тұтқындау кезiнде алынған мүлiктерi мен құндылықтарының құнын өтеу туралы арыздарын қарау үшiн облыстардың, Алматы мен Ленинск қалаларының әкiмдерi облыстық қаржы басқармасы, Алматы қалалық қаржы басқармасы және Ленинск қалалық қаржы бөлiмi бастықтарының төрағалығымен олардың құрамына облыстық (қалалық) Ұлттық қауiпсiздiк басқармасы бастығының орынбасарын және сауданың жауапты қызметкерлерiн, мүлiктердiң түрiн бағалау үшiн сарапшыларды қосып комиссиялар құратын болсын.
      Комиссия Қазақстан аумағында қуғын-сүргiн болған кезде мүлiктiң болған немесе сатылған жерi бойынша арыздарды қарайды. Арыз қарау үшiн ақтау туралы құжат алынған кезден үш жылдан кешiктiрiлмей берiледi.
      2. Ақталған азаматтарға (немесе олардың мұрагерлерiне) келген залалдың сомасын айқындау кезiнде тәркiленген ақша сомасы, сондай-ақ бағалы қағаздар (чектер) бөлiгiнде 1947 жылғы ақша реформасы, 1961 жылғы баға ауқымының өзгеруi және ұлттық валютаға ауысуы ескерiлетiн болып, сондай-ақ жыл сайын бюджеттi жасау кезiнде, бекiтiлген 60 сом (0,12 теңге) мөлшерiндегi 1961 жылғы ең төменгi жалақы деңгейiндегi айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнiң айналымдағы күнiне белгiленген арақатынасы ретiнде айқындалған есептесу коэффициентi қолданылатын болып белгiленсiн. <*>
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.04.29. N 525
               қаулысымен.
      3. Оларға тиiстi нарық бағаларын қолданып, осы қаулыдағы қосымшаға сәйкес тергеу материалдарында ерекшелiк сипаттамалары болмаған құнды металдардан жасалған, тәркiленген (алынған) зергерлiк және басқа да тұрмыстық бұйымдарды (сынамасын, салмағын) бағалау кезiнде бұл бұйымдардың құнын сынамасына, салмағына қарап айқындау ұсынылады.
      4. Тәркiленген (алынған) тұрғын үй құрылыстары мен баспаналарды бағалау кезiнде оларға тұтқындау кезiнде азаматтың тұрған жерiнде басым болған тұрғын үй алаңының ең төменгi мөлшерi қолданылатын болып белгiленсiн.
      5. Қуғын-сүргiнге ұшыраған азаматтардан тәркiленген былғары және мех шикiзатын, кiлем бұйымдарын, сойыс және жұмыс малын , құстарды және басқа мүлiктi бағалау бөлiгiнде комиссия тиiстi мүлiктiң ең төменгi стандарт мөлшерiн (салмағын) алады.
      6. Егер азаматты тұтқындауға байланысты оның салым ақшасы бюджетке есептелiп, жинақ кiтапшасы алынып қойылған болса, қаржы органдары бюджет қаражатынан салым ақша мөлшерiн өтеп бередi. Салым ақша Қазақстан Республикасының Халық банкi бөлiмшелерiнде қозғалмайтын салымдар құрамында жатса, негiзсiз жауапқа тартылған және кейiннен ақталған азаматтарға келген залал қаражатының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Халық банкi өтейдi.
      Залалдың мөлшерi салым ақша бюджет кiрiсiне есептелген сәттен немесе Халық банкiнiң қозғалмайтын салымдарының құрамына есептелген сәттен қайтару күнiне дейiн, барлық өткен уақытқа осы сомаға тиiстi проценттердi есептей отырып, салым мөлшерiмен (осы қаулының 2-тармағымен айқындалған ақша реформасын, баға ауқымының және есеп коэффициентiнiң өзгеруiн ескерумен) айқындалады.
      7. Ақталған азаматтарды тұтқындау кезiнде алынған мүлiктiң өтемақы мөлшерiн мәселенi қарау кезiнде (мүлiктiң 25 процент мөлшерде тозуы ескерiлiп) нарықтық (еркiн) бағасының деңгейiн алып айқындаған жөн.
      Мүлiк құны немесе өтемақы төлеу мөлшерi (осы қаулының 2,3,4,5, 6-тармақтарында) аталған республикалық бюджет қаражаты есебiнен өтеледi және оның жыл сайын бюджеттi жасау кезiнде бекiтiлген, айлық есептi көрсеткiш 100 еселенген мөлшерiнен (тұрғын үйдi қоспағанда, мүлiк үшiн) немесе тұрғын үйдi қосқанда, барлық мүлiк үшiн оның 200 еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс. <*>
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.29.
               N 525 қаулысымен. P960525_
      8. Тiкелей қуғын-сүргiнге ұшырағандарға бiрiншi кезекте құны өтелуге немесе өтемақы төленуге тиiс. Олар өлген жағдайда марқұмның балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, әйелi (күйеуi) және ата-аналары (бала қылып алушылар), сондай-ақ ол қайтыс болғаннан кейiн туған баласы шығынның орнын толтыру құқына ие болады. <*>
      Ақталғандар немесе оның мұрагерлерi залалдың құнын алған кезде оған қаржы органдары сомасын хабарлағаннан кейiн, залалды өтеу мөлшерi оны төлеу себептерi мен уақытына қарамастан одан кейiн қайта есептелмейдi. <*>
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс пен толықтыру енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң
               1996.04.29. N 525 қаулысымен.
      9. Залалды өтеудiң белгiленген тәртiбi азаматтардың мүлкi Қазақстан Республикасы аумағында 1917 жылғы 25 қазаннан (7 қарашадан) басталған кезеңнен тәркiленген жағдайда олардың өтiнiш берген уақытына және қазiргi тұрған жерiне қарамастан, тек төленбеген сомалары бойынша қолданылады.

     Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын азаматтарға
залалды өтеу тұратын жерiндегi мемлекеттiң валютасымен төленедi.
     Залалды өтеу сомасын белгiлеу жөнiндегi комиссияның шешiмiмен
келiспеген жағдайда, ақталған адам (мұрагер) сот органдарына өтiнiш
бередi.
<*>

     Ескерту. 9-тармаққа толықтырулар енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.29.
              N 525 қаулысымен.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                    1994 жылғы 30 желтоқсандағы
                                         N 1495 қаулысымен
                                            бекiтiлген
                                             Қосымша
            Ақталған азаматтарға (немесе олардың мұрагерлерiне)
          залалды өтеу кезiнде зергерлiк және басқа да тұрмыстық
      бұйымдарды бағалау үшiн олардың салыстырмалы салмағын қолдану
                               НОРМАЛАРЫ
______________________________________________________________________
       Бұйымның атауы                 і Бұйым жасалған қымбат бағалы
                                      і металдың қолданылған сынамасы
                                      і және бұйымның грамдық ең
                                      і төменгi салмағы
                                      і_______________________________
                                      і    алтын      і   күмiс
                                      і     584       і    875
                                      і               і
______________________________________________________________________
Сырға                                         1             1
Көзi жоқ сақина (жүзiк)                       1,5           1,5
Көзi бар сақина (жүзiк)                       2             2
Бiлезiк                                       3             3
Жеңтүйме                                      1,5           1,5
Түйреуiш                                      2             2
Асхана жабдығының заттары (қасық, пышақ
және т.б. орташа салмағы)                     4,5           4,5
Сағаттар                                      4             4
Басқа да заттар                               2             2

     Ескерту: платинадан жасалған бұйымдарға 950 сынамасы
     қолданылады, ал салмағы алтын мен күмiстен жасалған 
     бұйымдардың салмағына сәйкес болады.

                   Есептесу коэффициентi
<*>

     Ескерту. Бұл қосымша күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1996.04.29.
              N 525 қаулысымен.  

P960525_

 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады