Батыс Қазақстанның тұтынушыларын электрмен жабдықтауды тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 2 мамыр N 538

      Батыс Қазақстанның тұтынушыларын электрмен сенiмдi жабдықтау, Жаңажол кен орнының iлеспе мұнай газын кәдеге жарату есебiнен Ақтөбе облысында энергия көздерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Жаңажол кен орнының iлеспе мұнай газын пайдалану және Ақтөбе ЖЭО-да турбиналарды 30 мың кВт қуатқа жетiлдiру арқылы Ақтөбе облысында 198 мың кВт көлемде алғашқы кезектегi энергетикалық қуаттардың құрылысын салу бағдарламасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Ақтөбе облысының әкiмiмен бiрлесiп Жаңажол мұнайгаз кен орнында қуаттылығы 150 мың кВт ГТ-8С газ турбиналы электр станциясының құрылысы үшiн кредит алуға шетел банкiсiнiң алдындағы заемшыны айқындасын.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, Ақтөбе облысының әкiмi шетел банкiсiнiң алдындағы заемшымен бiрлесiп банктiк сараптама жүргiзу және кредиттi жабу жөнiндегi кепiлдiк мiндеттеме үшiн барлық қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi қуаттылығы 150 мың кВт ГТ-8С газтурбиналы электр станциясы құрылысының жобасына сараптама жүргiзсiн және қорытындысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке ұсынсын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша қуаттылығы 150 мың кВт ГТ-8С газтурбиналы электр станциясы құрылысының жобасы жөнiнде Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн берудiң мүмкiндiгiн қарастырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi

министрлiгi Жаңажол кен орнының iлеспе мұнай газы тиiмдiлiгiнiң
нормативтiк деңгейiн ескерiп оны өндiру жөнiндегi шығындардың құнынан
аспайтын баға бойынша, iске қосылмақ қуаттылығы 150 мың кВт ГТ-8С
газтурбиналы электр станциясына кәдеге жаратуды жүзеге асыруды
қамтамасыз етсiн.
     7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Н.Қ. Есенғаринге жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады