"Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнындағы үлестiк қатысудың жартысын Сатып алу-сату туралы түпкiлiктi келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 4 мамырдағы N 557

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, "Теңiзмұнайгаз" акционерлiк қоғамының, "Мобил Ойл" корпорациясы мен "Мобил Қазақстан Венчурс Инк." компаниясының арасындағы "Мобил Қазақстан Венчурс Инк." компаниясының "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнындағы акционерлiк қоғамының 50 проценттiк үлесiнiң жартысын сатуды көздейтiн 1996 жылғы 3 мамырдағы Сатып алу-сату туралы түпкiлiктi келiсiмге қол қоюға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Теңiзмұнайгаз" акционерлiк қоғамы, "Мобил Ойл" корпорациясы мен "Мобил Қазақстан Венчурс Инк." компаниясы арасындағы "Мобил Қазақстан Венчурс Инк." компаниясының "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнындағы "Теңiзмұнайгаз" акционерлiк қоғамының 50 проценттiк үлесiнiң жартысын сатуды көздейтiн 1996 жылғы 3 мамырдағы Сатып алу-сату туралы түпкiлiктi келiсiм мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорын, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi Үкiмет пен басқа да тиiстi тараптардың атынан оған түрлi құқықтар бере отырып, құруға байланысты 1993 жылғы сәуiрде қол қойылған немесе басып шығарылған келiсiмдерге, лицензияларға және құжаттарға барлық өзгертулер жүргiзу және осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген бағаны кемiтушiлiк пен сатуға заң күшiн беру үшiн қажеттiлер мен тиiстiлердi айқындау тапсырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарына және Атырау облысының әкiмiне "Мобил Ойл" корпорациясымен, "Мобил Қазақстан Венчурс Инк." компаниясымен, "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнымен және оның қатысушыларымен Сатып алу-сату туралы түпкiлiктi келiсiмнiң мақсаттарына қол жеткiзуде және "Мобил Қазақстан Венчурс Инк." компаниясының "Теңiзшевройл" бiрлескен

кәсiпорнындағы "Теңiзмұнайгаз" акционерлiк қоғамының 50 проценттiк
үлесiн Сатып алу-сату және беру мен сату туралы түпкiлiктi келiсiмге
байланысты пайда болуы мүмкiн басқа да мәселелердi шешуде
ынтымақтастық жасасу мiндеттелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады