Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 шiлдедегi N 1021 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 6 мамырдағы N 565. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Мемлекеттiк әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстау шығындарының нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 шiлдедегi N 1021 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 298-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: 
     1-тармақта:
     бiрiншi абзацтағы "мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар" деген сөздер "заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын, әрi қарай мәтiн бойынша; 
     екiншi абзацтағы "жалақының ең төменгi мөлшерiнде" деген сөздер "Айлық есептiк көрсеткiштiң ең төменгi мөлшерiне" деген сөздермен ауыстырылсын. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады