Республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу мен қорғау жөнiндегi жұмыстарды жоспарлау және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 7 мамыр N 571. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.14. N 540 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында жер қойнауын геологиялық зерттеу мен қорғау жөнiндегi жұмыстарды мемлекеттiк зерттеудi, жоспарлауды және қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi: 
      1. Жер қойнауын геологиялық зерттеу мен қорғауды республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыру жалпы мемлекеттiк маңызы бар жұмыспен және шығынмен (мемлекеттiк сатып алу) шектеледi деп белгiленсiн, оларға мыналар жатқызылсын: 
      Жер қойнауын жалпы зерттеуге бағытталған 1:50 000 масштабты геологиялық, геофизикалық, суретке түсiру, жер сiлкiнiстерiн болжау, 1:100 000 және одан ұсақ масштабты гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, геоэкологиялық суретке түсiру және басқа жұмыстарды қоса алғанда, аймақтық геологиялық-геофизикалық зерттеулер;<*> 
      жер қойнауының және жердi пайдаланудың мониторингiн жасау және жүргiзу; 
      жалпы мемлекеттiк сипаттағы ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық, тақырыптық жұмыстар, сондай-ақ жердi пайдаланудың нормативтiк-құқықтық базасын жасауға байланысты жұмыстар; 
      жалпы мемлекеттiк маңызы бар пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бiр жолғы мемлекеттiк сыйақы төлеу; 
      жер қойнауын геологиялық зерттеу жөнiндегi қатынастарды мемлекеттiк басқару мен реттеу функцияларын орындауға байланысты жұмыстар жөнiнде жер қойнауын қорғау мен пайдаланудың аумақтық басқармаларын, Қазақстан республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi жанындағы Қорлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және "Қазмемжерқойнауы" минералды ресурстар бас басқармасын ұстау. 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.08.15. N 1015   қаулысымен. 
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген жұмыстар бойынша мемлекеттiк сатып алуды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) қалыптастыру мен орындау осы қаулыда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 
      3. Пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты пайдалы қазбалардың кен орындарын iздестiрулер, iздестiру-бағалау жұмыстары, (алдын ала, егжей-тегжейлi), жете барлау, одан кейiнгi барлық жұмыстар тек жер қойнауын пайдаланушылар есебiнен қаржыландырылады. 
      4. Мемлекеттiк маңызы бар iздестiру, iздестiру-бағалау жұмыстарын, пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау және өнеркәсiптiк игеруге дайындау, сондай-ақ басқа да жұмыс түрлерiн республикалық бюджет шығындарын кейiннен жер қойнауын пайдаланушылар есебiнен өтелетiн етiп тек Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнаулы шешiмдерi негiзiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруға рұқсат етiлсiн. 
      5. Осы қаулының 1-тармағында көзделмеген iздестiру, iздестiру-бағалау және барлау жұмыстары, басқа да жұмыстар жобалық қаржыландыру негiзiнде жұмыстарды одан әрi жалғастыру үшiн оларды конкурстық негiзде жер қойнауын пайдаланушыларға беруге дейiнгi орындалған сатысында аяқталсын. 
      6. Жер қойнауын геологиялық зерттеу мен қорғау жөнiндегi жұмыстарды мемлекеттiк реттеу үшiн Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi, Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi жауапты деп белгiленiп, Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне: 
      Мүдделi министрлiктердiң мемлекеттiк комитеттердiң өзге де орталық атқарушы органдардың ұсыныстары мен келiсiмдерi негiзiнде осы қаулының 1-тармағында көзделген жұмыстар бойынша құрылымдар мен көлемдердi дайындау және негiздеу; 
      осы қаулының 1-тармағында көзделген жұмыстар бойынша мемлекеттiк сатып алуды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) кәсiпорындар мен компаниялар арасындағы конкурс шарттарына сәйкес орналастыру жолымен орындауды, сөйтiп тиiсiнше қабылдап алуды, орындалуына баға берудi және төлем жасауды қамтамасыз ету жүктелсiн. 
      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қойнауын пайдаланушылармен контракттар жасасатын және орындайтын құзырлы органдары, тау-кен өндiрушiлер мен мұнай-газ өндiрушi компаниялар мен кәсiпорындар: 
      геологиялық ұйымдармен минералдық-шикiзат базасын қайта жаңғыртуға және дамытуға бағытталған iздестiру мен барлау жұмыстарын жүргiзуге арналған тiкелей шарт жасауды қамтамасыз етсiн; 
      Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен бiрлесiп геология ұйымдарын тау-кен өндiретiн және мұнай-газ өндiретiн кәсiпорындардың құрамына кiргiзу, сондай-ақ оларды геологиялық-өндiру кәсiпорындары етiп қайта құру жолымен минералдық шикiзат өндiретiн және ұқсататын сабақтас саламен бiрiктiретiн болсын.
     8. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, басқа да орталық атқарушы органдары осы қаулыға қайшы келетiн нормативтiк актiлердi қайта қарасын және күшiн жоятын болсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi 

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады