Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 13 мамыр N 586. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.02.25. N 141 қаулысымен. ~P980141

      Республикалық бюджет қаржылары есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасында республикалық бюджет қаржылары есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар жүйесi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      Аталған Ереже 1996 жылдың 15 мамырынан бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде аймақтардың сұранымдарын қамтамасыз ету үшiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастырудың тәртiбi туралы үлгiлiк ереженi дайындасын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi тауарларды

 

(жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар жөнiнде

оған белгiленген тәртiп бойынша сарапшылар тарту құқығын бере

отырып, конкурстық комиссия туралы ереженi бекiтсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi

                                  Қазақстан Республикасы

                                       Үкiметiнiң

                                  1996 жылғы 13 мамырдағы

                                     N 586 қаулысымен

                                           Бекiтiлген


         Қазақстан Республикасында республикалық бюджет

         қаржылары есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет

         көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар жүйесi туралы

                          ЕРЕЖЕ



 
       Осы Ереже республикалық бюджет қаржылары есебiнен жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды жүргiзудiң тәртiптерi мен шарттарын белгiлейдi.
 
              I. Жалпы ережелер
 
      1. Мемлекеттiк сатып алулар мемлекеттiк тапсырыс берушiлер атынан мемлекеттiң өзiне қажеттi тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өнiм берушiлерден контракт негiзiнде сатып алу нысаны болып табылады.
      2. Мемлекеттiк сатып алулар келiсiлген мерзiмде талап ететiн сапада ең төменгi баға бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алуға мүмкiндiк беретiн конкурстық негiзде жүзеге асырылады және:
      мемлекеттiк және республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды iске асыруға;
      Қазақстан Республикасы қатысатын мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларды iске асыруға;
      республиканың қорғаныс қабiлетi мен қауiпсiздiгiн, құқықтық тәртiптiң қамтамасыз етiлуiн қажеттi деңгейде ұстауға;
      мемлекеттiк өкiмет, сот және прокуратура, бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, дене шынықтыру, ғылым, геология, геодезия және картография, гидрометеорология, жерге орналастыру органдарының қызметiн және басқа да республикалық маңызы бар салалардың қызметiн қамтамасыз етуге;
      республикалық маңызы бар коммуникациялар мен байланыс жүйелерiн ұстауға;
      мемлекеттiк және жұмылдырушы резервтер мен табиғи апаттардың және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою резервтер мен табиғи апаттардың және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою резервтерiн құруға және ұстауға қызмет етедi.
      3. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және республикалық бюджет қаржылары есебiнен қаржыландырылатын өзге де ұйымдар мемлекеттiк тапсырыс берушiлер болып табылады.
      4. Мемлекеттiк тапсырыс берушiлердiң өнiмдердi сатып алу жөнiндегi өздерiнiң өкiлеттiгiн еншiлес тапсырыс берушiлерге беруге құқы бар, оларды өздерiнiң функционалды және құрылымдық бөлiмшелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жеке заңдық тұлғалары атқара алады.
      5. Мемлекеттiк сатып алулар бойынша берiлетiн өнiмдер мемлекеттiк стандарттарға, техникалық шарттарға, мемлекеттiк тапсырыс берушiлер қоятын басқа да талаптар мен айрықша шарттарға сәйкес келуге тиiс.
      6. Өнiм берушiлер мемлекеттiк сатып алулар бойынша контрактыларды орындау үшiн оларға қажеттi материалдық-техникалық ресурстарды өз бетiнше сатып алады.
 
             2. Мемлекеттiк сатып алуларды қалыптастыру
 
      7. Мемлекеттiк тапсырыс берушiлер тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алудың құрылымы мен көлемдерiн алдын ала қалыптастыруды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген үлгi бойынша осы мақсатқа арналған бюджеттiк тапсырыстардың жобаларын белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен экономика министрлiгiне ұсынады.
      8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi мемлекеттiк тапсырыс берушiлер берген бюджеттiк тапсырыстар негiзiнде және әлеуметтiк-экономикалық дамудың болжамдары мен республикалық бюджет тұрғысынан келiп, аталған тапсырыстардың тиiстi бағыттар бойынша бюджеттiк сомалар жобасымен үйлесiмдi болуын жүзеге асырады.
      9. Республикалық бюджет бекiтiлгеннен кейiн мемлекеттiк тапсырыс берушiлер бөлiнген қаржы қаражаттарына сәйкес мемлекеттiк сатып алулардың құрылымы мен көлемдерiн түпкiлiктi қалыптастыруды жүзеге асырады.
 
            3. Мемлекеттiк сатып алуларды орналастыру тәртiбi
 
      10. Жалпы мақсаттағы өнiмдер тiзбесiне енген, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлiгi бекiткен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң конкурстық комиссиясы ұйымдастыратын бәсекелестiк рәсiмдерiн қолдана отырып жүзеге асырылады.
      Жалпы мақсаттағы өнiмдер тiзбесiне көтерме сатып алуларды жүргiзу және сатып алынатын техникалық жабдықтардың жүйеге келуi мен сыйымдылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк тапсырыс берушiлер көп мөлшерде сатып алатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасы экономика министрлiгiнiң конкурстық комиссиясы мемлекеттiк сатып алулар өткiзуге ниеттенетiнi туралы хабарлайды, тапсырыстың талабы мен шартын қалыптастырады, олар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен және ұсыныстарды конкурстың мүмкiн болатын қатысушыларына жiберу арқылы өнiм берушiлерге хабарланады.
      11. Конкурстар ашық өткiзiлуге тиiс және оған кем дегенде үш қатысушы қатысқан болса, өткiзiлген болып саналады.
      12. Конкурсқа қатысу үшiн өнiм берушiлер Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң конкурстық комиссиясына конкурстың шарттары бойынша талап етiлетiн ақпарт тiркелген оферта тапсырады.
      13. Конкурстың барысын үзбей жариялап отыру және сатып алуларды құлағдар ету мемлекеттiк сатып алулар рыногында ашық және салауатты бәсекенi қалыптастырудың негiзгi тетiгi болып табылады.
      14. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң конкурстық комиссиясы оферталарды тапсыру мерзiмi өтiсiмен конкурсқа қатысушылардың ақырғы құрамын анықтайды және оларды конкурсқа қатысушыларды тарта отырып қарайды.
      Өздерiнiң өнiмдерiне арналған бағалар соңғылар ұсынатыннан 20%-тен аспаған жағдайда шетелдiк iзденушiлерге қарағанда республикалық өнiм берушiлерге өзге де тең жағдайлармен бiрге тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жеткiзуге басым мүмкiндiктер берiледi.
      15. Конкурстық өлшемдерiнен келiп, Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң конкурстық комиссиясы жеңiскердi анықтайды, ал мемлекеттiк тапсырыс берушi онымен контракт жасайды.
      16. Жалпы мақсаттағы өнiмдер тiзбесiне енгiзiлмеген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды мемлекеттiк тапсырыс берушiлер өз бетiнше жүзеге асырады.
      Осы сатып алуларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк тапсырыс берушiлер осы Ереженiң 10-11 тармақтарына сәйкес бәсекелестiк рәсiмдерiн жүзеге асырады, өнiм берушiлердiң оферталарын талқылайды, конкурстың жеңiскерлерiн анықтайды және олармен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) беруге арналған контрактiлер жасайды. Егер сатып алулар көлемi сәйкес кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген есептi көрсеткiштерiнен 1000 еседен асып түссе аталған рәсiмдер қолданылады.
      17. Контрактының орындалуына бақылауды қажеттi ақпарат алу, өнiм сапасын және оны беру мерзiмдерiн тексеру жолымен мемлекеттiк тапсырыс берушi жүзеге асырады, ал өнiм берушi-монополистер бойынша-мемлекеттiк сатып алуларды орындауға байланысты өндiрiс шығасылары туралы есеп жолымен жүзеге асырылады.
      18. Контрактының тоқтатылуы контрактының шарттарына сәйкес мемлекеттiң тапсырыс берушiнiң немесе өнiм берушiнiң бастамасымен жүргiзiлуi мүмкiн.
      19. Мемлекеттiк тапсырыс берушi мен өнiм берушi арасында туындалған дауларды шешу қолданыстағы заңдармен реттеледi.
      20. Қорғанысты, қауiпсiздiктi және құқықтық тәртiптi, төтенше жағдайлар кезiндегi iс-қимылды қамтамасыз ету мақсаты мен мемлекеттiк және жұмылдырушы резервтер құру үшiн сатып алуларды орналастыру кезiнде мемлекеттiк тапсырыс берушiлер Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң келiсiмi бойынша бәсекелестiктi қоса алғанда арнаулы рәсiмдердi қолданады.
 
            4. Мемлекеттiк сатып алуларды қаржыландыру
 
      21. Мемлекеттiк сатып алуларды қаржыландыруды бюджеттiк қаржыларды мақсатты пайдалану жөнiндегi қаржы жоспарына сәйкес мемлекеттiк тапсырыс берушi жүзеге асырады.
      22. Мемлекеттiк сатып алуларды қаржыландыру көздерiне сонымен қатар бюджеттен тыс қорлардың қаржылары, сондай-ақ шетелдiктi қоса алғанда, мақсатты мемлекеттiк займдар мен кредиттер жатады.
      23. Тапсырыстарды мемлекеттiк қаржыландыру мен төлеудi мемлекеттiк сатып алулар жөнiндегi контрактыларды көрсетiлген мерзiмдегi тапсырыстар негiзiнде мемлекеттiк тапсырыс берушiлерге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ресурстарын бөлу арқылы қарастырады. Қаржыландыру қазыналық вексельдермен де жүзеге асырылуы мүмкiн.
      24. Контрактыны орындау шарттарына байланысты өнiмдерге, әсiресе ауыл шаруашылығы өнiмдерiне төлеу, кезең-кезеңмен немесе аванстық төлем түрiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
      25. Мемлекеттiк сатып алулар ең төменгi конкурстық бағадан аспайтын контрактылық баға бойынша жүзеге асырылады. Ең төменгi конкурстық бағалар принципi тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) барлық түрлерiне арналған тапсырысты орналастыру үшiн қолданылады.
      26. Өнiм берушi-монополистермен контрактылар жасаған кезде контрактылық бағаны айқындау қолданыстағы монополияға қарсы заңдарға сәйкес өнiм берушiмен келiсiлген кiрiс нормасы ескерiле отырып жүзеге асырылады.
      27. Мемлекеттiк сатып алуларға арналған республикалық бюджетте көзделген қаржы ресурстарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жасалған контрактыларға сәйкес толық көлемде қамтамасыз етедi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады