Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Үкiмет Аппараты басшысының арасында мiндеттердi бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 13 мамыр N 588. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.09. N 1363 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,

Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Үкiмет Аппараты Басшысының
арасында мiндеттердi бөлу бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
     2. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi, Премьер-Министрдiң
орынбасарлары және Үкiмет Аппараты Басшысының арасында мiндеттердi
бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22
қаңтардағы N 72 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                 Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметінiң
                                 1996 жылғы 13 мамырдағы
                                   N 588 қаулысымен
                                       Бекiтiлген

         Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
         Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Үкiмет
               Аппараты Басшысының арасында
                    Мiндеттердi бөлу

           Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
                     Ә.М.Қажыгелдин



      Үкiметтiң қызметiне тiкелей басшылық жасау, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың республиканы экономикалық және әлеуметтiк дамыту жөнiндегi жұмысын үйлестiру.

     Үкiметтiң реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл
бағдарламасын жүзеге асыру.
     Аумақтық басқару органдарымен өзара iс-қимыл, аймақтарды дамыту
және кадр жұмысының мәселелерi.
     Мемлекеттiк инвестициялық саясатты үйлестiру, халықаралық
қатынастар, Сыртқыiсминiнiң, Қорғанысминiнiң, Iшкiiсминiнiң,
Әдiлетминiнiң, ҰҚК-ның, Мемтергеукомының жалпы мәселелерi.

           Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары
                   Н.Қ.Есенғарин

     Интеграция комитетiне басшылық. ТМД органдарында Республика
атынан өкiлдiк.
     ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитет
мәселелерi.

             Премьер-Министрдiң орынбасары
                    Г.Г.Штойк

     Республика экономикасының жұмыс iстеуiнiң жедел мәселелерi және
ТМД елдерiмен ынтымақтастық.
     Өнеркәсiп, энергетика кәсiпорындарының реформасы. Көлiк және
байланыс, халық шаруашылығын жұмылдыру әзiрлiгi,

материалдық-техникалық қамтамасыз ету және мемлекеттiк материалдық резервтер, ғылыми-техникалық прогресс, қолданбалы және iргелi ғылым, iшкi сауда, қайталама ресурстарды пайдалану мәселелерi. Тұтыну тауарлары, жеңiл өнеркәсiп өндiрiсi мен рыноктарын дамыту. Ғылым мен техника жөнiндегi жоғары консультативтiк кеңестiң, Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк техникалық комиссияның, Қара және түстi металдарды ұтымды пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияның қызметiне басшылық ету.
      Көлiккомминi, Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитет, Өнеркәсiпсаудаминi, Энергиякөмiрминi, Ғылымминi - Ғылым академиясы, Геологияминi, Мұнайгазминi, Қазгеодезия, Мемстандарткомы, Қазпатент, Сауда-өнеркәсiп палатасы, Мемлекеттiк аттестациялық комитетi, Жол қоры жұмысының мәселелерi.

              Премьер-Министрдiң орынбасары
                   В.В. Соболев

      Макроэкономика мен әлеуметтiк-экономикалық реформалардың жалпы және ағымдағы мәселелерi.
      Басқару органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және құрылымын жетiлдiру. Мемлекеттiк меншiктi басқару ұйымдастыру мәселелерi. Кеден-тариф және монополияға қарсы саясат.
      Республиканың бюджетi мен индикативтi болжам-жоспарларын әзiрлеуге басшылық жасау, олардың орындалуын бақылау, қаржы, валюта және баға саясатын қалыптастыру.
      Халықаралық қаржы-экономика ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасау. Сыртқы экономикалық қызмет мәселелерi.
      Жұмыспен қамту, еңбек және жалақы, әлеуметтiк қорғау, кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi.
      Жұмыс берушiлер және кәсiподақтар бiрлестiктерiмен өзара iс-қимыл, әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi.
      Экономминi, Қаржыминi, Еңбекминi, Әлеуметминi, Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитет, мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi және жекешелендiру жөнiндегi мемкомитеттерi, Мемстанкомы, Мемсақтандыруқадағалау, Кеден комитетi, Ұлттық және мемлекеттiк банктер, Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия, Зейнетақы қоры, Әлеуметтiк сақтандыру және жұмыспен қамту қорлары жұмысының мәселелерi.

             Премьер-Министрдiң орынбасары
                  Ж.С.Кәрiбжанов

      Агроөнеркәсiп кешенi және халықты азық-түлiкпен қамтамасыз ету салаларының қызметiн үйлестiру. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн, тағам өнеркәсiбiн және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн ұқсатуды дамыту мақсатында инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi.
      Ауылшарминi, Экобиоресурсминi, Мемжеркомы, Суресурскомы, Қазгидромет, Орман шаруашылығы комитетi жұмысының мәселелерi.

              Премьер-Министрдiң орынбасары
                   И.Н.Тасмағамбетов

      Әлеуметтiк-мәдени даму мәселелерi, мәдениет, бiлiм беру, жоғары мектеп, денсаулық сақтау, туризм және спорт салаларындағы бағдарламаларды әзiрлеу және жүзеге асыру.
      Әлеуметтiк-саяси процестердi, ұлтаралық қатынастарды зерделеу.
      Бiлiмминi, Мәдениетминi, Жастурспортминi, Денсаулықминi, Мемұлткомы, Авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiк, Қазбасархив, ҚазТАГ, Дiн iстерi жөнiндегi кеңес, Ономастика және Терминология комиссиялары, Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры жұмысының мәселелерi.

             Премьер-Министрдiң орынбасары
                Н.А.Шәйкенов

      Республикада бiрыңғай құқықтық саясат әзiрлеудi ұйымдастыру, сот-құқық реформасын жүргiзу, нарықтық қатынастарға көшудiң құқықтық актiлерiн әзiрлеу, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
      Заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету, құқық қорғау органдары жұмысының нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру, оларды ұйымдық және материалдық нығайту, қылмысқа қарсы күрес мәселелерi; Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiн құқықтық сараптауды ұйымдастыру; Үкiметтiң заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен енгiзетiн заң жобаларын әзiрлеу; республиканың мүдделерi

қозғалатын ТМД-ның нормативтiк актiлерiне заңгерлiк баға беру.
     Үкiметтiң заң шығарушылық қызметiн үйлестiру және заң
жобаларының Парламент Палаталарынан өтуiне жауапкершiлiк.
     Әдiлетминi, Iшкiiсминi, Қорғанысминi, Үкiметтiң Парламенттегi
өкiлдiгi қызметiнiң мәселелерi.

       Премьер-Министрдiң орынбасары - Қазақстан Республикасының
       Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы
                          Н.М.Макиевский

     Қазақстан Республикасының жоғары және орталық мемлекеттiк
органдарын Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссияға
басшылық ету. Құрылыс мәселелерi.
     Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi. Құрылысминiнiң, Мемкенқадағалаукомының
мәселелерi.

              Үкiмет Аппаратының Басшысы
                     С.И.Шуткин

     Аппарат бөлiмдерiнiң Үкiметтiң қызметiн қамтамасыз ету
жөнiндегi жұмысын ұйымдастыру.


      Үкiмет шешiмдерiнiң және оның басшылығын тапсырмаларының орындалуы мен сапасына бақылау жасау бөлiгiнде министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру.
      Үкiметтiң нормативтiк актiлерi мен республика басшылығының тапсырмаларын орындамағаны үшiн министрлiктер мен ведомстволар басшыларын, облыстар басшыларын тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныстар әзiрлеу.
      Үкiметтiң Парламентпен, Президент Әкiмшiлiгiмен және аумақтардың әкiмдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету. Үкiметтiң Баспасөз қызметiне, Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру институтының жұмысына басшылық ету.

     Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын кадрлар жөнiнде
келiсiлген ұсыныстарды зерделеу және енгiзу.
     Үкiметтiң басшылығы өз жұмысын ұйымдастыруда акционерлiк және
холдинг компаниялармен, басқа да республикалық органдармен, қоғамдық
және басқа ұйымдармен қызметтiң қадағаланатын бағыттары бойынша өзара
iс-қимыл жасап отырады.
     Үкiмет басшылығының бiрiн-бiрi ауыстыруының мынадай тәртiбi
белгiленедi:
     Ә.М.Қажыгелдин - Г.Г.Штойк
     Г.Г.Штойк - В.В.Соболев
     В.В.Соболев - Ж.С.Кәрiбжанов
     И.Н.Тасмағамбетов - Н.А.Шәйкенов
     Н.Қ.Есенғарин - Н.М.Макиевский
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады