Қарағанды 2-жылу электр орталығының мүлiктiк кешенiн және оның қосалқы инфрақұрылымдарын жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 14 мамыр N 599

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша Қарағанды 2-ЖЭО-ын жекешелендiру жөнiнде жүргiзiлген тендердiң нәтижесi және тендер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы Э.К. Утепов қол қойған Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "Испат-Кармет" компаниясы арасындағы 1995 жылғы 17 қарашадағы Сатып алу-сату шартына қосымша бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде келiссөз жүргiзудi және:
      "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетика жүйесi, "Қарағандыэнерго" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны немесе өзге де тиiстi заңды тұлға және "Испат-Кармет" компаниясы арасында жылу энергиясын берiп тұру, жылу электр жүйесiнiң техникалық қызметi және "Испат-Кармет" компаниясының осы жүйеге енуi туралы;
      "Испат-Кармет" компаниясы, атап айтқанда "Қарағандышахтакөмiр" мемлекеттiк кәсiпорны және "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы арасында энергетикалық, кокстелген және аралық көмiр берiп тұру туралы шарт жасасуды қамтамасыз етсiн.
      3. Қарағанды облысының әкiмi "Испат-Кармет" компаниясы мен Темiртау қаласы арасында келiссөз жүргiзу және жылу энергиясын берiп тұру туралы шарт жасасуын қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде Қарағанды 2-ЖЭО-ның барлық активтерiн сатып алу-сату шарттарына сәйкес "Испат-Кармет" компаниясына берсiн.
      5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен өзге де орталық атқарушы органдары, Қарағанды облысы мен Темiртау қаласының әкiмдерi мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде "Испат-Кармет" компаниясына барлық қажеттi өкiлдiктердi, рұқсаттарды, лицензияларды берсiн, тiркеудi және қайта тiркеудi жүзеге асырсын, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жүзеге асыру және "Испат-Кармет" компаниясы меншiк құқығын жүзеге асыру мен Қарағанды 2-ЖЭО-ын пайдалану мүмкiндiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi өзге де актiлердi жасасын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады