Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 мамырдағы N 600 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 375 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 375 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысының 3-қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 26, 302-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      К.Р.Чтилова - Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi микроэкономикалық саясат бас басқармасының агроөнеркәсiп кешенi бөлiмiнiң бас маманы,
      М.А.Оразаев - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Агроөнеркәсiп кешенi қаржысы және табиғатты қорғау шараларының басқармасы бастығының орынбасары Республикалық баға комиссиясының құрамына енгiзiлсiн;
      С.С.Еспаев, Е.Е.Сиденко құрамынан шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады