Мұқтаж отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету кезiнде отбасы мүшесiнiң жиынтық табысына есептелетiн табыс түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 15 мамыр N 604. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.12.24 N 1695 қаулысымен. ~P011695

      "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 U952700_ Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N 53 P960053_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мұқтаж отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету кезiнде отбасы мүшесiнiң жиынтық табысына есептелетiн табыс түрлерiнiң қоса берiлiп отырған Тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Мұқтаж отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету үшiн отбасы мүшесiне шаққандағы жиынтық табысты есептеу кезiнде осы қаулымен бекiтiлген Тiзбе басшылыққа алынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Қазақстан

 

Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк

комитетiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Экономика

министрлiгiнiң және Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша екi апта

мерзiмде Отбасы мүшесiнiң жиынтық табысын есептеу тәртiбi туралы

нұсқаулықты осы Тiзбеге сәйкес әзiрлесiн және бекiтсiн.

     4.



     ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1997.03.21.

              N 382 қаулысымен. 


P970382_




     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi

                                    Қазақстан Республикасы

                                          Үкiметiнiң

                                    1996 жылғы 15 мамырдағы

                                        N 604 қаулысымен

                                              Бекiтiлген


         Мұқтаж отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету

          кезiнде отбасы мүшесiнiң жиынтық табысына

               есептелетiн табыс түрлерiнiң

                       Тiзбесi


     Отбасы мүшесiнiң жиынтық табысына белгiленген уақыт кезеңiнде

ақшалай немесе натуральды нысанда нақты алынған табыстың барлық

түрлерi есептеледi:

     1) еңбекақы түрiнде алынған табыстар;

     2) кәсiпкерлiк қызметтен алынған табыстар;

     3) мүлiктiк табыс;


 
       4) республикалық және жергiлiктi бюджеттен төленетiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес зейнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар, өтемақылар;
 
      Ескерту: . Балалы отбасыларына берiлетiн бiржолғы жәрдемақыдан, жалғыз тұратын зейнеткерлерге ақшалай және натуральды нысандағы өтемақылардан, жерлеуге арнап және бала туған кезде берiлетiн бiржолғы жәрдемақыдан басқа.
 
      5) балаларға және асырауындағы басқа адамдарға алынатын алименттер;
      6) мертiгiп қалуына немесе өзге зақымданудан денсаулығына байланысты шеккен зардабының орнын толтыру тәртiбiмен алынған бiржолғы сомалар;
      7) ақшалай және натуральды нысандағы ұтыстар;
      8) өзiнiң қосалқы шаруашылығынан алынған кiрiстер (оның iшiнде үй малдары, аулалық учаске, бау-бақша, сая-жайлық учаске).
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 8)-тармақшамен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.22.
               N 604 қаулысымен. P970604_
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады