Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi жүйесiндегi сыртқы экономикалық қызметтiң Республикалық консультативтiк орталығын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 16 мамыр N 606

      Мемлекеттiк және шаруашылықты басқару функцияларын бөлу, Қазақстан Республикасы энергетика, көмiр және атом өнеркәсiбi кәсiпорындарының қызметiн одан әрi үйлестiру мақсатында және "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
 

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң жүйесiнде шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Энергетикадағы сыртқы экономикалық қызметтiң Республикалық консультативтiк орталығы" мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Орталық) құрылсын.
 

      2. Орталыққа:
      энергетика кәсiпорындарында шетел инвестицияларын жаңа электр станцияларын салуға тарту жөнiнде, сондай-ақ қазiргi жұмыс iстеп тұрғандарын қайта жаңғырту мен жетiлдiруге, көмiр, радиоактивтi және жерде сирек кездесетiн элементтердiң және олардың қоспаларының кен орындарын әзiрлеуге тиiмдi көмек көрсету;
      ведомстволық бағыныстағы салалардың объектiлерiне озық батыс технологияларын енгiзу;
      шетел фирмаларының ұсыныстарына техникалық, коммерциялық, қаржылық және заңдық сараптау жүргiзу, сондай-ақ олармен контракт даярлау үшiн жұмыс тобын құру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындардың ұсыныстары бойынша шетел инвестицияларын пайдалана отырып құрылысын салу, қайта жаңғырту және кеңейту барынша тиiмдi болатын бiрiншi кезектегi объектiлердiң тiзбелерiн айқындау;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының электр энергетикалық секторын жекешелендiру бағдарламасын әзiрлеп, жүзеге асыру жүктелсiн.
 

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп Орталықтың жарғылық қорын қалыптастырсын және Орталықтың орналастыру мәселесiн шешсiн.
 

      4. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде кәсiпорын Жарғысын бекiтсiн және оның Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады