"1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56
қаулысын
орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдары Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi шараларды орындауды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасының жүзеге асуын бақылау Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 17 мамырдағы
N 608 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар
нарығын дамыту
Бағдарламасы
А. Жалпы бөлiм
1. Бағалы қағаздар нарығының жай-күйi
және оны дамытудың проблемалары
Бағалы қағаздар нарығының қазiргi жай-күйiне жасалған талдау өткен кезеңде (1991-1995 жылдар) бағалы қағаздар нарығының жұмыс iстеу тетiгiн ұғыну тереңдей түскендiгiн көрсеттi. Бағалы қағаздар айналысын реттеу мәселелерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (жалпы бөлiм), "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығында және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс (жалпы бөлiм) пен жоғарыда аталған Президент Жарлығының негiзгi ережелерiн нақтылайтын бiрқатар басқа да нормативтiк актiлерде көрiнiс тапты. Аталған актiлермен қор биржасының базалық ұғымдары қалыптасты, бағалы қағаздар нарығының негiзгi қатысушылары, бағалы қағаздардың ұғымы мен түрлерi айқындалды, дегенмен бiрқатар ережелерi нақтылауды және елеулi пысықтауды немесе өзгертулердi талап етедi.
Бағалы қағаздардың тиiмдi тетiгi бiр-бiрiмен өзара байланысты заңдар пакетi мен бағалы қағаздарды қалыптастырудың қазiргi кезеңiнiң шарттарын және бұрын қабылданған заңдарды қолдану практикасын ескеретiн басқа да нормативтiк актiлердiң және Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын реттеушi заңдық актiлердiң болуын талап етедi.
Осы талапты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы бағалы қағаздардың эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу процесiн және бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi лицензиялауды тәртiпке келтiретiн бiрқатар нормативтiк актiлердi әзiрлеп, iске қосты.
Қазiр бағалы қағаздардың отандық рыногының одан әрi дамуын қиындататын бiрқатар бiр-бiрiмен өзара байланысты проблемалар бар.
Бағалы қағаздар нарығының дамуына бiрыңғай депозитарлық-тiркеушiлiк жүйенiң болмауы кедергi келтiрiп отыр, ал ол әртүрлi инвесторлардың арасында бағалы қағаздардың тиiмдi көшуiн және бағалы қағаздарға меншiк құқығын бекiтудi жүзеге асыруға мүмкiншiлiк берер едi.
Бағалы қағаздар нарығының дамуын реттеудiң қолданылып жүрген жүйесiнiң жетiлмеуi елеулi проблема болып табылады. Бағалы қағаздар нарығын реттеу жүйесi бiрыңғай және онда бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеудiң де, сол секiлдi кәсiби қатысушылардың қызметiнiң өзiн-өзi реттеуiнiң де элементтерi болуы тиiс.
Дәл қазiргi уақытқа дейiн мемлекеттiк бағалы қағаздар мен атқарушы өкiметтiң жергiлiктi органдарының шешiмi бойынша эмитирленетiн бағалы қағаздардың эмиссиясы мен айналысының мәселелерi заң жүзiнде реттелген жоқ.
Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының дамуының жеткiлiксiз деңгейi депозитарлық-тiркеушiлiк қызметтi, бағалы қағаздар нарығының биржадан тыс өтемдi жүйелерiнiң қызметiн, инвестициялық қорлар мен олардың басқарушыларының қызметiн реттейтiн қажеттi нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң болмауына байланысты болып отыр.
Тұтастай алғанда бағалы қағаздар нарқының жай-күйi айналыстағы корпоративтiк бағалы қағаздардың көпшiлiгiнiң өтемсiздiгiмен, көлемiнiң елеусiздiгiмен, материалдық базаның дамымағандығымен, тәуекелдiң жоғары дәрежесiмен, кадрлардың нашар даярлығымен сипатталады.
2. Бағалы қағаздар нарығын дамытудың
мақсаты мен мiндеттерi
Экономиканың жаңа құрылымының ажырамас бөлiгi ретiнде бағалы қағаздар нарығын дамытудың негiзгi мақсаты инвестицияларды таратудың тиiмдi тетiгiн құру, Қазақстан Республикасында экономиканың салалары мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң арасында капитал жинау және оны ұтымды қайта бөлу болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
1. Бағалы қағаздар нарығының ұйымдық құрылымын дамыту, оған мыналар кiредi:
бағалы қағаздардың эмитенттерi мен инвесторлары;
бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушылары;
кәсiби қатысушылардың өзiн-өзi реттейтiн ұйымдары, оның iшiнде қор биржалары, биржадан тыс өтемдi жүйелер;
тiркеушiлер, депозитарийлер, бағалы қағаздардың сақтаушылары;
мемлекеттiк реттеу және қадағалау органдары.
2. Бағалы қағаздар нарығын ұйымдастыру мен жұмыс iстеу процесiн реттейтiн және кәсiби қатысушылардың өзiн ұстау қағидаларын белгiлейтiн, сондай-ақ биржалық және биржадан тыс рынокта саудаластық технологиясын, бағалы қағаздар нарығында мәмiлелердiң түрлерi мен сауда стратегияларын регламенттейтiн нормативтiк актiлермен ұсынылған заң базасын қалыптастыру.
3. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құру және дамыту, оның негiзгi функционалдық мәнi бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру процестерiн және олардың қайталама рыноктағы айналысын үздiксiз қамтамасыз ету болып табылады.
4. Бағалы қағаздар нарығын реттеудiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру.
5. Бағалы қағаздар нарығының бiлiктi мамандарын даярлау жүйесiн құру.
6. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын бағалы қағаздардың әлемдiк рыногының жүйесiне интеграциялау.
Аталған мiндеттердi жүзеге асыру Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын дамытудың осы Бағдарламасын қабылдау қажеттiлiгiн тудырады.
Осы Бағдарлама 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасына сәйкес әзiрлендi.
Бағдарлама бағалы қағаздардың отандық рыногын дамытудың мақсатын, негiзгi мiндеттерi мен бағыттарын, сондай-ақ оны жүзеге асырудың негiзгi шараларын айқындайды.
Бағдарлама көзделген шаралардың кезең-кезеңiмен орындалуын, Қазақстан экономикасын реформалаудың негiзгi тетiктерiмен бiрге бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеу мен өзiн-өзi реттеу тетiгiн қоса алғанда бағалы қағаздар нарығын реттеу жүйесiн тығыз үйлестiрудi қарастырады.
Бағдарламаны жүзеге асыру үш кезеңде жүредi.
Бағалы қағаздар нарығының дамуына байланысты Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы бағалы қағаздар нарығының дамуына және оның қатысушыларының бағалы қағаздар нарығын реттейтiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын үйлестiру мен бақылау жасауды, мемлекеттiк бағдарламалар мен рынокты дамытудың негiзгi бағыттарын әзiрлеудi, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының жай-күйi мен даму тенденцияларына талдау жасауды жүзеге асыратын болады.
Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi шараларды нақтылауға жыл сайын бекiтiлетiн және жарты жылда бiр рет нақтыланатын жоспарда қол жеткiзiледi.
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы тоқсан сайын есеп беруге мiндеттi.
Б. Бағдарламаны жүзеге асырудың
негiзгi бағыттары
1. Бiрiншi кезең
Бағдарламаны жүзеге асырудың бiрiншi кезеңiндегi (1996 жылдың сәуiрi - 1997 жылдың наурызы) негiзгi мiндет бағалы қағаздар нарығындағы қызметке қатысты нормативтiк актiлердiң кешенiн қалыптастыруды аяқтау. Бағдарламаны жүзеге асырудың бiрiншi кезеңiндегi кезек күттiрмес шаралардың қатарына - депозитарлық тiркеушiлiк жүйенiң негiздерiн жасау, инвестициялық қорлар қызметiнiң мәселелерiн реттеу және қазiр жұмыс iстеп тұрған инвестициялық-жекешелендiру қорларын инвестициялық компанияларға айналдыру, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеу жүйесiн құру.
1.1. Бағалы қағаздар нарығының заң базасын
қалыптастыру
1996 жылы қабылдануы қажет бiрiншi кезектегi заңдар мыналар:
Қазақстан Республикасының iшкi қарызы және мемлекеттiк бағалы қағаздар туралы және Атқарушы өкiметтiң жергiлiктi органдарының бағалы қағаздары туралы. Бұл заңдардың жобаларын әзiрлеудi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен және Экономика министрлiгiмен бiрлесiп жүзеге асыратын болады.
Қазақстан Республикасындағы депозитарлық және тiркеушiлiк қызмет туралы. Бұл заңның жобасын әзiрлеудi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен және басқа да министрлiктермен бiрлесiп жүзеге асыратын болады.
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық компаниялар туралы. Бұл заңның жобасын әзiрлеудi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы мүдделi министрлiктермен бiрлесiп жүзеге асыратын болады.
Қазақстан Республикасындағы депозитарлық және тiркеушiлiк қызмет туралы және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық компаниялар туралы Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына 1996 жылдың 1 тамызында ұсынылатын болады.
Бұдан басқа Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Ұлттық Банкi, Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп бағалы қағаздар нарығын реттеу, ұғымдық аппаратты айқындау, бағалы қағаздар нарығындағы субъектiлер қызметiнiң ерекшелiктерi бөлiгiнде қолданылып жүрген заңдарды модификациялауы қажет.
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 1996 жылы әзiрлеуi және қабылдауы қажет бiрiншi кезектегi нормативтiк-құқықтық актiлер:
Туынды бағалы қағаздардың айналасы туралы ереже;
Шетел эмитенттерiнiң бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа қосудың тәртiбi туралы ереже;
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрiн жүргiзу жөнiндегi ереже;
Инвестициялық консультанттардың қызметi туралы ереже;
Бағалы қағаздар биржадан тыс өтемдi жүйесiнiң қызметi туралы ереже;
Бағалы қағаздар сақтау жөнiндегi қызметтi лицензиялау туралы ереже;
Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлiк, дилерлiк қызмет туралы ереже;
Инвестициялық қорлардың акцияларын шығаруды тiркеу мен жабудың тәртiбi туралы ереже.
Шетел инвестицияларын тартудың тетiгiн жасау және шетел компанияларының бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа қосуды жетiлдiру мақсатында бiрiншi кезеңнiң iшiнде Қазақстан Республикасына Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы депозитарлық жазбалардың айналысының қағидаларын белгiлейтiн нормативтiк актiлердi әзiрлеп, практикаға енгiзуi қажет.
1.2. Институциональдық инвесторлардың жүйесiн құру
Институционалдық инвесторлардың басты мақсаты бағалы қағаздарды инвестициялауды жүзеге асыру кезiнде тұрақтылық пен кәсiбилiктi қамтамасыз ету, жұртшылықтың сенiм бiлдiру дәрежесiн арттыру болып табылады. Институционалдық инвесторлардың барлық түрiнiң қызметiн мүлтiксiз реттеу арқылы күрделi қаржылардың тәуекелiн шектеу бағалы қағаздар нарығы негiздерiнiң бiрi болып табылады.
Қазақстан Республикасында институциональдық инвесторлардың негiзгi түрлерi инвестициялық қорлар, инвестициялық компаниялар, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары болады.
Бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың осы бағытын дамытудың шеңберiнде 1996 жылы "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық компаниялар туралы", "Мемлекеттiк емес зейнетақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданатын болады.
Бұдан басқа, 1996 жылы Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекеттiк басқарудың басқа органдарының келiсiмiмен жұмыс iстеп тұрған инвестициялық жекешелендiру қорларын инвестициялық компанияларға, акционерлiк қоғамдарға айналдырудың тетiгiн әзiрлеп, қажеттi шаралар кешенiн жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң елеулi әлеуетi бағалы қағаздар нарығында инвестициялық компаниялар секiлдi функцияларды орындауды инвестициялық банктердiң жұмыс iстеуiне жағдайлар жасауға көмектесiп пайдаланылатын болады.
1.3. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құру
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құру және дамыту Бағдарламаны жүзеге асырудың бiрiншi де, сондай-ақ екiншi де кезеңнiң басым мiндетi болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру үш бағытта жүретiн болады:
бағалы қағаздардың айналысына сервистiк қызмет көрсетудiң және оған меншiк құқығын бекiтудiң жүйесi ретiнде депозитарлық-тiркеушiлiк қызметтi қалыптастыру;
бағалы қағаздарды сатып алу-сату жөнiндегi мәмiлелердi жүзеге асырудың технологиялар жүйесiн, сондай-ақ бағалы қағаздармен операциялар жасау жөнiндегi есеп айырысуларды жүзеге асырудың жүйесiн қалыптастыру;
бағалы қағаздар нарығын дамытудың ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн құру.
Аталған бағыттарға сәйкес бiрiншi кезеңде мынадай шаралар жүзеге асырылатын болады.
1. Орталық депозитарий мен оның аймақтық
бөлiмшелерiнiң жүйелерiн құру
Қазақстан Республикасының Орталық депозитарийi депозитарлық-тiркеушiлiк жүйенiң үйлестiрушi органы болады.
Орталық депозитарий қызметтi үйлестiрудi, депозитарлық-тiркеушiлiк жүйе субъектiлерiнiң техникалық процедураларына бақылауды, депозитарийлардың арасындағы бағалы қағаздардың қозғалысына есеп жүргiзудi, депозитарлық-тiркеушiлiк жүйе субъектiлерi мамандарының бiлiктiлiгiн көтеруде ұйымдарға кәсiби бiлiм беруге жәрдем көрсетудi, тiркеушiлiк техникалық жәрдем көрсетудi жүзеге асырады.
Орталық депозитарий 1996 жылы жабық үлгiдегi акционерлiк қоғам нысанында құрылатын болады, оның бақылау пакетiн белгiлi бiр кезге дейiн мемлекеттiк акциялар пакетi түрiнде сақтау қажет. Келесi екi жылдың iшiнде Орталық депозитарийдi коммерциялық емес ұйым ретiнде кәсiби қатысушылар жекешелендiретiн болады. Орталық депозитарийдi құру Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Ақпараттық есепке алу орталығы мен оның облыстық филиалдарының базасында жүзеге асырылатын болады.
2. Депозитарийлар мен тiркеушiлердiң қызметiне
қажеттi жағдайлар жасау
Депозитарийлар депозитарий клиенттерiнiң бағалы қағаздарға меншiк құқығын тiркеудi және бекiтудi, сондай-ақ депозитарлық қызмет көрсету туралы тиiстi шарттың негiзiнде осы бағалы қағаздарға қатысты бастапқы ұстау қызметiн жүзеге асыратын болады.
Тiркеушiлер реестр жүргiзу арқылы эмитенттiң шығарған бағалы қағаздарына меншiк құқығын немесе иеленуiн тiркеу мен бекiтудi жүргiзетiн болады.
Депозитарийлар мен тiркеушiлердiң қызметi арнаулы шарттың негiзiнде Орталық депозитариймен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздар құжаттық түрiнде шығарылған жағдайда бағалы қағаздардың сақталуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздарды сақтау жөнiндегi функцияларды жүзеге асырушы сақтаушылар депозитарий мен бағалы қағаздар нарқына басқа қатысушылардың арасында байланыстырушы буын болып қызмет атқарады. Бұдан басқа сақтаушылар бағалы қағаздардың қозғалыссыздығы мен уақытша материалданбауы жөнiндегi қызметтер көрсететiн болады.
Депозитарийлар мен бағалы қағаздарды сақтаушылардың қызметi 1996 жылы тиiстi заңмен және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның нормативтiк актiлерiмен реттелетiн болады.
3. Бағалы қағаздар нарқында мәмiлелер жасау
жүйесiн қалыптастыру
1996 жылдың 10 шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi жұмыс iстеп тұрғандардың арасынан бiр қор биржасын белгiлейдi, оған бағалы қағаздардың өркениеттi биржалық нарығын қалыптастыру мақсатында, тиiстi қабылданған халықаралық стандарттарда қажеттi мемлекеттiк қолдау көрсетiлетiн болады. Аталмыш қор биржасында мемлекеттiк бағалы қағаздар мен нормативтiк бағалы қағаздардың мемлекеттiк пакеттерi бойынша саудаласулар жүргiзiлетiн болады.
Қор биржасы листингтiк талаптарға сай келетiн акционерлiк қоғамдардың мейлiнше сенiмдi бағалы қағаздарының өтiмдiлiгiн жүзеге асыруға арналған. Листингке енгiзу үшiн бағалы қағаздарды iрiктеу эмитенттi дамытудың орнықтылығы мен перспективалары өлшемдерiнiң, инвестициялардың ең төмен тәуекелi және басқа да көрсеткiштердiң негiзiнде қор биржасында жүргiзiледi. Өз кезегiнде қандай да бiр болмасын бағалы қағазды қор биржасының листингiне енгiзу әлеуеттi инвесторлар үшiн олардың салымдарының қорғалуының белгiлi бiр кепiлдiгiн бiлдiретiн болады.
1996 жылы ұйымдасқан биржадан тыс сауда жүйесiн құру және оның жұмыс iстеуi үшiн қажеттi жағдайлар жасалатын болады. Ұйымдасқан биржадан тыс рынок бағалы қағаздар нарқына кәсiби қатысушылардың өзiн-өзi реттейтiн бiрлестiгi ретiнде құрылатын болады, оның негiзгi компонентi оған қол жеткiзудiң алыстатылған мүмкiншiлiгiндегi автоматтандырылған коммуникациялық сауда жүйесi болып табылады.
Бағалы қағаздармен операциялар жасауды жүзеге асыруды технологиялық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясымен бiрлесiп бағалы қағаздармен операциялар жасау жөнiндегi есеп айырысулар жүйесiн әзiрлеуi қажет.
1.4. Бағалы қағаздар нарқын мемлекеттiк
реттеудi жетiлдiру
Бағалы қағаздар нарқын қалыптастыру экономиканың осы саласындағы мемлекеттiк реттеу мен мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сондай-ақ бағалы қағаздар нарқындағы өзiн-өзi реттеудi толық көлемде жүзеге асыруға мүмкiншiлiк беретiн бағалы қағаздар нарқының даму процесiне бақылау жасау мен оны басқарудың пәрмендi жүйесiн құруды талап етедi.
Бағалы қағаздар нарқын мемлекеттiк реттеу жөнiндегi функцияны Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы жүзеге асыратын болады.
Бағалы қағаздар нарқын реттеу жөнiндегi қызметтiң тиiмдiлiгiн көтеру үшiн Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 1996 жылы республиканың бес қаласында - Ақмолада, Қарағандыда, Павлодарда, Ақтөбеде, Шымкентте атқарушы аппараттың аймақтық бөлiмшелерiн құратын болады. Бұл қалаларда аймақтық бөлiмшелердiң қызметiн ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияға республиканың аймақтарында өзiне жүктелген функцияларды орындау жөнiндегi өкiлеттiгiн толық көлемде жүзеге асыруға мүмкiншiлiк бередi.
1.5. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп
берушiлiк реформасы
Қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарқын дамытудың қажеттi шарты бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп берушiлiк реформасы болып табылады. Осыған байланысты 1996 жылы Қаржы министрлiгi мүдделi министрлiктермен бiрлесiп Бухгалтерлiк есептiң Халықаралық Стандарттарына (IAS) көшу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруы қажет. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп берушiлiктiң қабылданған халықаралық стандарттарға бейiмделуiнiң нәтижесiнде шетел инвесторлары эмитенттер туралы қажеттi ақпарат, ал акционерлiк қоғамдар - инвестицияларды тартудың нақты мүмкiншiлiгiн алады.
Бағдарламаны жүзеге асырудың екiншi кезеңi (1997 жылдың сәуiрi - 1998 жылдың наурызы) депозитарлық-тiркеушiлiк жүйе, инвестициялық қорлар мен олардың басқарушылары, өзiн-өзi реттейтiн ұйымдар, брокерлiк-дилерлiк конторлар жүйесi кiретiн бағалы қағаздар нарқы инфрақұрылымы барлық элементтерiнiң өзара iс-қимылының жүйесiн дамытуға және тиянақтауға байланысты болады.
2.1. Бағалы қағаздар нарқының инфрақұрылымын
дамыту
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарқының инфрақұрылымын дамыту екiншi кезеңде Бағдарламаны жүзеге асырудың басым мiндетi болуын жалғастыра беретiн болады. Осыған орай Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы бағалы қағаздар нарқының бұрын құрылған инфрақұрылымы элементтерiнiң өзара iс-қимылы жүйесiн пысықтау және жетiлдiру жөнiнде шаралар жүргiзетiн болады. Бәрiнен бұрын бұл депозитарлық-тiркеушiлiк жүйенiң жұмыс iстеуiне, қор биржалары мен брокерлiк-дилерлiк конторлардың қызметiне қатысты. Бағдарламаны жүзеге асырудың екiншi кезеңiнде бағалы қағаздар нарқына кәсiби қатысушылардың өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының жұмысына және биржадан тыс өтемдi жүйелердiң қызметiне ерекше назар аударылатын болады.
2.2. Бағалы қағаздар нарқының өзiн-өзi реттеуi
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарқының өзiн-өзi реттеу жүйесiне бағалы қағаздар нарқына кәсiби қатысушылардың ассоциациялары, сондай-ақ қор биржалары кiретiн болады. Аталмыш ұйымдар бағалы қағаздар нарқында қызметтiң белгiлi бiр қағидаларын орнықтыру арқылы рынокты iшкi реттеуге арналған, 1996-1997 жылдардың iшiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың қызметiн дамыту жөнiнде шаралар қабылдайтын болады, олар кейiн бағалы қағаздар нарқына кәсiби қатысушылардың қызметiн реттеудi жүзеге асыратын болады.
2.3. Бағалы қағаздар нарқының кәсiби
мамандарын даярлау жүйесi
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарқын қалыптастыру бағалы қағаздар нарқына кәсiби қатысушыларды даярлау үшiн де, сондай-ақ халықтың экономикалық бiлiмiн көтеруге де арналған бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыру кешенiнде жүзеге асырылады.
Бұл бағыттағы бағалы қағаздар нарқын дамытудың екiншi кезеңiнiң басты мiндетi атқарушы аппараттың аймақтық бөлiмшелерiнiң жанында және республиканың басқа да қалаларында мамандарды даярлау жөнiндегi оқу орталықтарының тараптары кiретiн бағалы қағаздардың нарқына кәсiби қатысушыларды даярлау жүйесiн құру болып табылады. Бұл ретте аталған орталықтардың қызметi орталықтардың оқу бағдарламаларын бекiтетiн, даярлауды жүзеге асырудың бағыттары мен ерекшелiктерiн үйлестiретiн Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының бақылауымен жүзеге асырылады.
1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комитетiмен, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен бiрлесiп республиканың жоғары оқу орындарының экономика факультеттерiнде бағалы қағаздар нарқы үшiн бiлiктi мамандар даярлау бойынша мамандандырылған бөлiмшелер ашу жөнiндегi шараларды жүзеге асыратын болады.
2.4. Бағалы қағаздар нарқын дамытуды ақпараттық
қамтамасыз ету жүйесiн құру
Бағалы қағаздардың өркениеттi нарқы инвесторларға салымдарының тәуекелi мен мейлiнше кiрiстiлiгiн бағалау үшiн жеткiлiктi ақпарат беруi тиiс.
Осы мақсатта бағалы қағаздар нарқы инфрақұрылымының аса маңызды элементi ретiнде Бағдарламаны жүзеге асырудың екiншi кезеңiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетпен және басқа да мүдделi министрлiктермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бiрлесiп мынадай жолдармен бағалы қағаздар нарқын дамытудың ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыратын болады.
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы бағалы қағаздардың тiркелген эмиссиялары туралы, тiркеушiлер, депозитарийлар, брокерлер мен бағалы қағаздар нарқының өзге де кәсiби қатысушылары туралы оларға лицензиялар беру туралы немесе оларды тоқтату және қайтып алу туралы мәлiметтердi ашық, жүйелi және толық жариялайды;
эмитенттерге олардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн егжей-тегжейлi ашатын есептерiн мерзiмдiк мiндеттi жариялау, сондай-ақ олардың эмитенттелген бағалы қағаздардың бағасына ықпал жасауға қабiлеттi кез келген өзге де мәлiметтер туралы талаптар қояды, аталған талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау жүйесiн орнатады;
қор биржаларына саудаласудағы тiркелген бағалы қағаздардың өтемдерiн және әлемдiк практикаға қалыптасқан өзге де ақпаратты мiндеттi түрде толық жариялау туралы талаптар қояды;
қор индекстерiнiң және бағалы қағаздар нарқының дамуын сипаттайтын көрсеткiштердiң жүйесiн құрады;
бұқаралық ақпарат құралдарында бағалы қағаздар нарқын кең насихаттауды, сондай-ақ халықты ондағы "ойын ережелерiне " жаппай оқытуды ұйымдастырады.
Бағалы қағаздар нарқын дамытуды ақпараттың қамтамасыз ету жүйесiн құру жөнiндегi шаралар ретiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының жәрдем көрсетуiмен ай сайынғы мамандандырылған журнал шығатын, сондай-ақ бағалы қағаздар нарқының мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк емес басылымдарға ақпараттық-әдiстемелiк жәрдем көрсетiлетiн болады.
Бағалы қағаздардың тиiмдi рыногы мен қолайлы бәсекелестiк орта құру мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы бағалы қағаздар нарқының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарымен бiрлесiп бағалы қағаздар нарқына кәсiби қатысушылармен ресми қол жетпейтiн ақпаратты пайдалануға шарт жасайтын бағалы қағаздар нарқындағы инсайдерлiк көрiнiстерге батыл күресетiн болады.
Бағдарламаны жүзеге асырудың үшiншi кезеңi (1998 жылдың сәуiрi - 1998 жылдың желтоқсаны) бағалы қағаздар нарқындағы қызметтi реттеу жүйесiн жетiлдiру және бағалы қағаздардың отандық рыногын қаржы рыноктарының халықаралық жүйесiне интеграциялау үшiн жағдайлар мен алғышарттар жасау жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыруды көздейдi. Бағдарламаны жүзеге асырудың үшiншi кезеңiндегi мiндеттердiң бiрi кәсiби қатысушыларға бағалы қағаздар нарқындағы қызметтi дербес реттеу жөнiнде мейлiнше кең құқықтар беру болып табылады.
Бағалы қағаздар нарқының даму деңгейi отандық та, сондай-ақ шетелдiк инвесторлардың да тараптарынан экономикаға ұзақ мерзiмдi инвестициялардың перспективасын айқындайтын негiзгi фактор болып табылады.
Халықаралық қаржы нарықтарының жүйесiне интеграциялау жөнiндегi бағалы қағаздардың нарығын дамытудың негiзгi бағыттары Бағдарламаның екiншi және үшiншi кезеңiнде бағалы қағаздардың әр түрiн шығару мен айналысқа қосу ережелерiн қолданылып жүрген халықаралық стандарттарға сәйкестiкке келтiру; бағалы қағаздармен мәселелердi жүзеге асыру ережелерi; қолайлы инвестициялық ахуал жасау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру болады.
Рыноктың отандық қатысушыларының портфельдiк инвестициялар нысанындағы басы бос қаржы резервтерiн орналастыру саласында шетелдiк қатысушылар ойдағыдай игерген әдiстер мен құралдарды қолданудағы хабардарлығы мен даярлығының дәрежесi интеграциялау барысындағы маңызды жәйт болып табылады.
Бағалы қағаздардың шетелдiк нарықтарындағы практикалық тәжiрибе ескерiлiп бағалы қағаздар нарығындағы жұмыс үшiн тиiстi кадрларды даярлау туралы мәселе өзектi болады.
Интеграциялық процестердiң негiзгi принциптерiн сақтау, сондай-ақ бағалы қағаздардың қазақстандық рыногын әлемдiк экономикалық қауымдастыққа таныту мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Бағалы қағаздар жөнiндегi халықаралық ұйымға кiру жөнiндегi жұмысты жүргiзедi.
4. Бағдарламаны жүзеге асыру тетiгi
Көзделген ағымдағы және орта мерзiмдi шаралар бағалы қағаздардың отандық рыногын әлемдiк стандарттарға баламдырақ жаңа деңгейге шығарады, оған бағалы қағаздармен сауданың көлемiн ұлғайту, олардың өтiмдiлiгi мен институциональдық инвесторлар үшiн тартымдылығын арттыру тән.
Бағдарлама құқық базасын әзiрлеу мен жасау, техникалық жүйенi құру, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының шеңберiнде ақпараттық қамтамасыз ету, кадрлар даярлаудың жүйесi мен бағалы қағаздардың рыногын әлемдiк рынокқа қосу тетiгiн жасау жолымен Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын одан әрi дамыту үшiн жағдайлар тудыруға бағытталған. Бағалы қағаздардың дамыған нарықтарының қалыптасу тәжiрибесiн пайдалану негiзiнде жаңа экономикалық тетiктiң принциптерiн жүйелi түрде жүзеге асыру Бағдарламаның ерекшелiгi болып табылады.
Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын дамытудың бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспарына сәйкес әртүрлi министрлiктермен бiрлесiп жүзеге асыратын болады. Бұдан басқа Бағдарламаны жүзеге асыруға бағалы қағаздар нарқына кәсiби қатысушылардың бiрлестiктерi де қосылуы мүмкiн.
Бағдарламаның негiзгi ережелерiн жүзеге асыруды үйлестiру қызметiн Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы жүзеге асырады.