1. 1996 жылға арналған Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының бюджетi кiрiстер мен шығыстар бойынша қосымшаға сәйкес 6996199 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Алматы және Байқоңыр қалаларының жұмыспен қамту орталықтарына Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының орталықтандырылған шотына мiндеттi аударымдардан түсiмдердiң бiр бөлiгiн аударатын, кейiннен жекелеген аймақтар бойынша кiрiстерден асатын шығыстарын жабу үшiн қаражатты мына мөлшерде қайта бөлетiн болып белгiленсiн:
а) Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстiк Қазақстан, Семей, Талдықорған, Торғай, Оңтүстiк Қазақстан облыстарына және Байқоңыр қаласына - 5 процент;
б) Ақтөбе, Атырау, Көкшетау облыстарына - 20 процент;
в) Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарына - 30 процент;
г) Жезқазған және Маңғыстау облыстарына - 40 процент;
д) Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарына - 60 процент;
е) Алматы қаласына - 75 процент.
3. Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына мiндеттi аударымдар төлем жасалғаннан кейiн тiкелей республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн бiрiншi кезектегi тiзбеге жатқызылсын.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының басқармасы Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына мiндеттi аударымдарды толық және дер кезiнде жинауды қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық
инспекциясы Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына мiндеттi аударымдарды толық және дер кезiнде жинауды қамтамасыз етуде көмек көрсетсiн. 7. Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражаттарының мақсатты пайдалануына бақылау жасау оның басқармасы мен тексеру комиссиясына жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 мамырдағы N 612 қаулысына қосымша 1996 жылға арналған Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының бюджетi Кiрiстер мың теңге 1. 1996 жылдың басына қалған қаражат қалдығы 295453 2. Жұмыспен қамту қорына аударым (2%) 5920000 3. 1995 жылғы мiндеттi аударымдар бойынша берешектердi өтеу шотына түскен қаражат 561031 4. Берiлген кредиттердiң қайтарылуы, салымдар 136000 5. Өсiмдер мен айыптар 15000 6. Германия тарабымен Бағдарламалық құралдар Келiсiмiне сәйкес Түрген селосындағы оқу орталығын қаржыландыру 39515 7. Халықаралық Қайта жаңғырту және Даму Банкi займының түсуi 29200 Кiрiстер жиыны: 6996199 Шығыстар 1. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта оқыту 1264615 оның iшiнде: жұмыссыздарды қайта оқытуға жұмсалатын шығындар 1162997 оның iшiнде ауыл жұмыссыздарына 500116 босаған қызметкерлердi қайта даярлауға жұмсалған конверсияланған кәсiпорындар шығындарының орнын толтыру 26618 Түрген селосындағы оқу орталығының құрылысына жұмсалған шығындар 75000 оның iшiнде: Германияның Бағдарламалық қаражаты есебiнен 39515 өз қаражаты есебiнен 35485 2. Жұмыссыздығы жөнiнде жәрдемақы төлеу 4241115 оның iшiнде ауыл жұмыссыздарына 1907264 3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және тұрғын үй саласын қаржыландыру 600125 тұрғын үй салуға және оны жөндеуге, инфрақұрылымдар объектiлерiн салу мен пайдалануға беруге байланысты қоғамдық жұмыстар 190125 оның iшiнде ауылдық жерлерде 82134 қоныс аударушыларды жайластыру 410000 4. Мүгедектердiң бейiмделуiне жабдықтар сатып алуға жұмсалған шығынның орнын толтыру 50000 5. Халықпен және жұмыс берушiлермен ақпараттық-анықтамалық жұмысқа жұмсалған шығындар 28000 6. Жұмыспен қамту қызметiн ұстау 536000 оның iшiнде Халықаралық Қайта жаңғырту және Даму Банкi Займына сәйкес модельдiк орталықтарын жөндеу 29200 7. Қоныс аудару шараларына арналған шығыстар 260000 8. Халықаралық Қайта жаңғырту және Даму Банкi Займдарын пайдаланғаны үшiн проценттер төлеу 16344 Шығыстар жиыны: 6996199 Кiрiстерден шығыстардың артуы 0