Приозерск аймақтық колледжiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 20 мамыр N 614

      Жезқазған облысының Приозерск қаласының кәсiпорындары мен мекемелерiне мамандардың орта буынын даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Жезқазған облысының әкiмiмен, Қаржы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен келiсiлген Приозерск аймақтық колледжiн құру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Жезқазған облысының әкiмiне:
      жаңадан құрылған колледждiң материалдық-техникалық базасын

жасау, оған оқу ғимараттары мен жатақханаларын бөлу жөнiнде шаралар
қабылдау;
     колледждi Приозерск қаласы бюджетiнiң есебiнен қаржыландыруды
қамтамасыз ету тапсырылсын.
     4. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Приозерск
аймақтық колледжiнiң Жарғысы мен құрылымын бекiтсiн, мамандықтардың
тiзбесiн белгiлесiн және тиiстi әдiстемемен қамтамасыз етудi
ұйымдастырсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады