Мемлекеттiк қызметке қабылдаудың үлгi контрактiсiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 21 мамыр N 622. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.06. N 855 қаулысымен. ~P000855

 


     "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы

Президентiнiң Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан

Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қызметке қабылдаудың үлгi

контрактiсi бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi

                                  Қазақстан Республикасы

                                      Үкiметiнiң

                                  1996 жылғы 21 мамырдағы

                                     N 622 қаулысымен

                                       Бекiтiлген


               Мемлекеттiк қызметке қабылдаудың

                     Үлгi контрактiсi


     "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң

Заң күшi бар Жарлығына сәйкес жұмыс iстейтiн

___________________________________________________________________

         (мемлекеттiк органның атауы)

атынан

___________________________________________________________________

                  (лауазымы, аты-жөнi)

бiр тараптан және азамат __________________________________________

                                     (аты-жөнi)

екiншi тараптан мыналар жөнiнде осы контрактiнi жасасты:

     1. ___________________________________________________________

             (мемлекеттiк органның атауы)

     1.1. ________________________________________________________

                       (азаматтың аты-жөнi)

__________________________________________________________________

    (лауазымның, кәсiптiң атауы, оның құрылымдық

__________________________________________________________ретiнде

                       бөлiмшесi)

_______________" "_________________________жұмыс iстеудi ұсынады


және тиiстi лауазымға қойылатын талаптарды орындағанда, сондай-ақ осы контрактiде айтылған мiндеттердi табысты орындаған жағдайда оған лауазымдық жалақыдан, бiлiктiлiк сыныбы үшiн қосымша ақыдан, мемлекеттiк қызметте еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстеме ақыдан, сыйақыдан және басқа да үстеме ақылардан тұратын еңбекақы белгiлейдi.
      1.2. Еңбектi материалдық ынталандырудың қосымша шарттарын

 

белгiлей алады.

     1.3. Қызметшiнi қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi,

тапсырмалар белгiлейдi және мiндеттер қояды, оның өз мiндеттерiн

орындауына қажеттi жағдайлар жасайды, еңбекке қолайлы жағдайларды

ұйымдастырады.

     1.4. Iшкi еңбек тәртiбi ережелерiнiң орындалуын бақылайды.

     1.5. Қызметшiнiң заңдарда және осы контрактiде көзделген

құқықтары мен мүдделерiн қорғауға кепiлдiк бередi.

     2.____________________________________________________________

                   (азаматтың аты-жөнi)

екi лауазымдық жалақы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы

төлене отырып, жыл сайын ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күн болатын ақылы

демалыс бередi.

     2.1. _________________________________________________________

                         (азаматтың аты-жөнi)

қалауынша жыл сайынғы ақылы демалыс оған бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн.

     2.2. _______________________________________заңдарға сәйкес

                   (азаматтың аты-жөнi)

еңбекақысы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.

     3._____________________________________________және оның бiрге

              (азаматтың аты-жөнi)

тұратын отбасы мүшелерi денсаулық сақтаудың тиiстi мемлекеттiк

мекемелерiнде белгiленген тәртiппен медициналық қызмет көрсетудi

пайдаланады.

     4. ________________________________________________ қызметтiк

                     (азаматтың аты-жөнi)


мiндеттерiн орындауға байланысты өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлгенде, сондай-ақ қызметте болған кезеңде науқастанған немесе еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда тегiн мемлекеттiк сақтандырумен қамтамасыз етiледi.
      5.______________________________________________қайтыс болған
                    (азаматтың аты-жөнi) жағдайда оның отбасы мүшелерiне мемлекеттiк органдағы соңғы қызмет орны бойынша үш айлық лауазымдық жалақысы мөлшерiнде жәрдемақы төленедi, бұл ретте жәрдемақының мөлшерi қолданылып жүрген заңдарда белгiленген жәрдемақы мөлшерiнен төмен болмауға тиiс.
      6. __________________________________________________________
                        (азаматтың аты-жөнi)
      6.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын орындауға.
      6.2. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңдық мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға.
      6.3. Өкiлеттiгiн өзiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес жүзеге асыруға.
      6.4. Өкiлеттiгiн өзiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес жүзеге асыруға.
      6.4. Мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн сақтауға.
      6.5. Қызметтiк этика нормаларын сақтауға.
      6.6. Өкiлеттiктерi шегiнде шығарылған басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға.
      6.7. Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын басқа да құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де сақтауға.
      6.8. Қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында алынған, азаматтардың жеке өмiрiн, намысы мен арына қатысты мәселелердi құпияда ұстауға, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат берудi талап етпеуге.
      6.9. Мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге.
      6.10. Қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi орындау үшiн өзiнiң кәсiптiк деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға мiндеттенедi ___________________________________________________________________- ___________________________________________________________________- ___________________________________________________________________
      7. Контрактiнiң қолданылу мерзiмi тараптардың келiсуi бойынша белгiленедi, бiрақ ол 5 жылдан аспайды. Мерзiмi өткен соң контракт жаңа мерзiмге ұзартылуы немесе бұзылуы мүмкiн. Контракт мерзiмi өткен соң еңбек қатынастары жалғастырылса және тараптардың ешқайсысы оларды тоқтатуды талап етпесе, қызметшiмен белгiсiз мерзiмге еңбек шарты жасалады деп есептеледi. Мемлекеттiк органның басшысы контрактiнiң мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде екi ай бұрын қызметшiге контрактi мерзiмiнiң ұзартылмайтыны туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.
      8. Контракт мерзiмiнен бұрын қызметшiнiң бастамашылығымен мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкiн:
      өз еркiмен жұмыстан босату туралы арыз бергенде;
      мемлекеттiк қызметте еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнет демалысына кетуге құқығы бар мемлекеттiк қызметшiнiң бастамашылығымен.
      9. Контракт мерзiмiнен бұрын мемлекеттiк орган басшысының бастамашылығымен:
      мемлекеттiк қызметшi "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 22-бабында белгiленген мемлекеттiк қызметтi өткерудiң шектi жасына жеткен;
      мемлекеттiк қызметшi өзiнiң кiрiсi мен мүлкi туралы әдейi

 

жалған мәлiмет берген;

     Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайларда

бұзылуы мүмкiн.

     10. Контрактiнiң тоқтатылуына сондай-ақ мыналар негiз болады:

     "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы

Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 29-бабының негiзiнде

мемлекеттiк қызметшiнiң отставкаға кетуi;

     Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да негiздер.

     11. Қызметшiге контрактi бойынша жұмыс басталған күннен бастап үш

айға дейiн сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Егер қызметшi аталған

мерзiм iшiнде сынақтан өтпедi деп танылса, ол жұмыстан босатылады.

     12. Контрактi тараптарының даулары Қазақстан Республикасының

заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

     13. Осы контрактiнiң шарттары тек тараптардың келiсiмi бойынша

ғана өзгертiледi, ол туралы контрактiге қосымша жасалады.

     14. Ерекше жағдайлар:

___________________________________________________________________-

___________________________________________________________________-

___________________________________________________________________-

___________________________________________________________________

     15. Егер контрактiде басқаша көзделмесе контракт оған қол

қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және 199__ж "__"_______________

дейiн қолданылады.

     16. Контракт 2 дана мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жасалады,

олардың әрқайсысының бiрдей заңдық күшi бар.

     Контрактiге мыналар қоса берiлiп отыр: ______________________

                                               (қызметкердiң

___________________________________________________________________

          мемлекеттiк органға берген жеке құжаттарының тiзiмдемесi)

___________________________________________________________________-

___________________________________________________________________


          Азамат                             Басшы

_________________________           ______________________________

     (аты-жөнi)                     ______________________________

_________________________           ______________________________

   паспорты, сериясы, N             ______________________________

_________________________           ______________________________

     қолы, күнi                             қолы, күнi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады