Республиканың ауыл шаруашылығында мемлекеттiк емес сектор ролiнiң барған сайын артып отырғандығы мен мемлекеттiк және шаруашылық басқару функцияларын бөлу қажеттiгiн ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Астық өндiрудi нығайту және оны өткiзу рыногын кеңейту, облыстардың нанмен және басқа өңделген астық өнiмдерiмен өзiн-өзi қамтамасыз етуi жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 қарашадағы N 1288 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
1-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi