1. "Запказэнерго" Батыс Қазақстан энергетика жүйесiне Ақтөбе
облысы үшiн республикадан тысқары жерлерден электр энергиясын сатып алуға шарт жасауға рұқсат етiлсiн. 2. 1996 жылдың 1 маусымынан бастап Ақтөбе облысы үшiн: электр энергиясын босату тарифi 1 кВт. сағатқа 3 теңге мөлшерiнде; халыққа арналған электр энергиясына тариф 1 кВт. сағатқа 3 теңге мөлшерiнде белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi