1. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1997.02.06.
N 170 қаулысымен. P970170_
2. Бiрлестiк қызметкерлерi үшiн еңбекақы қорынан 40 процент мөлшерiнде және әлеуметтiк-сауықтыру қорынан әр қызметкерге екi жалақысынан аспайтын мөлшерде материалдық ынталандыру қоры бекiтiлсiн.
Басшы қызметкерлерге сыйлықақы беру мөлшерi басшысын қоса алғанда, Бiрлестiк бойынша қалыптасқан сыйлықақы беру процентiнiң орташа деңгейiнде белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесi Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң басшы қызметкерлерi материалдық-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету шарттары бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының қызметкерлерiне теңестiрiлсiн. <*>
4. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 16 қарашадағы N 1545 қаулысымен бекiтiлген Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң Жарғысы осы қаулыға сәйкес келтiрiлсiн.
5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс басқармасы Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 қазандағы N 1160 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi