Екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесiн екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесi етiп қайта құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 маусымдағы N 688 Қаулысы

      "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 U952700_ Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N 53 P960053_ қаулысының 24-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Әскери Әуе Күштерi үшiн офицерлiк кадрлар даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесi екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесi болып қайта құрылсын.
      Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қарамағына берсiн.
      2. Екi мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесiнiң балансындағы барлық мүлiкке, инфрақұрылымға, активтер мен пассивтерге екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесiнiң құқықтық мұрагерлiгiн белгiлесiн.
      Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесiнiң материалдық-техникалық базасын, үйлерi мен ғимараттарын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң балансына белгiленген тәртiппен берсiн.
      3. Азаматтық авиация мамандарын даярлау үшiн бұрын қабылданған курсанттарды оқыту екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесiне қабылдау шартында аяқталсын.
      1996-1997 оқу жылынан бастап азаматтық авиация мамандарын даярлау мүдделi заңды тұлғалармен жасалған шарттардың негiзiнде жүргiзiлсiн.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.26 № 580 Қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
      Екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесiнiң ұйымдық-штаттық құрылымын әзiрлеп, бекiтсiн;
      Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып екi айлық мерзiмде екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесiнiң азаматтық қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесiн қаржыландыруды республикалық бюджетте көзделген қорғанысқа бөлiнген жалпы шығыстар есебiне жүзеге асырсын;
      1997 жылға арналған республикалық бюджетте 1997 жылдың бiрiншi тоқсанында училищенiң қазiргi уақыттағы коммуналдық қызмет үшiн 83,4 млн. теңге мөлшерiндегi кредиторлық берешегiн өтеуге шығыстар қарастырсын.
      7. Екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесi Ақтөбе қаласының ұшақ айлағын пайдалануды шарт бойынша Ақтөбе авиаотрядымен бiрлесiп орналасу негiзiнде жүзеге асырсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады