Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетiнiң Үкiметi арасындағы Денсаулық сақтау және медицина саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 5 маусым N 704

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:

     1995 жылғы 27 желтоқсанда Иерусалимде қол қойылған Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетiнiң Үкiметi арасындағы

Денсаулық сақтау және медицина саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi

келiсiм бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасы

       Премьер-Министрiнiң

         орынбасары

         Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетiнiң

              Үкiметi арасындағы Денсаулық сақтау және медицина

                     саласындағы ынтымақтастық туралы

                                 КЕЛIСIМ


      (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 1999 ж., N 4, 84-құжат)

     (1998 жылғы 24 қыркүйекте күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

          Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 70 бет)



 
       Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Израиль Мемлекетiнiң Үкiметi (бұдан әрi қарай "Уағдаласушы Тараптар" ретiнде аталатын)
      екi ел арасында денсаулық сақтау және медицина саласындағы ынтымақтастықты дамытуға тiлек бiлдiре отырып,
      мынандай келiсiм жасасты:
 
                               1-бап
      Уағдаласушы Тараптар теңдiк, өзара түсiнiстiк және өзара тиiмдiлiк негiзiнде денсаулық сақтау және медицина саласындағы ынтымақтастықты көтермелейтiн болады. Ынтымақтастықтың арнайы салалары екi Тараптың мүдделерiн ескере отырып, өзара келiсiм бойынша белгiленетiн болады.
 
                              2-бап
      Атап айтқанда Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң барлық күш-жiгерлерiн мыналарды дамытуға жәрдемдесуге жұмсайтын болады:
      - денсаулық сақтау саласында өзара мүдделiктi көздей отырып ақпарат алмасу;
      - осы Келiсiмнiң 5-бабына сәйкес Ынтымақтастық жөнiндегi жоспарда белгiленгенiндей оқыту және консультациялар мақсатымен мамандар алмасу;
      - екi елдiң институттары мен ұйымдары арасындағы тiкелей байланыстар;
      - медицинаға және денсаулық сақтауға қатысы бар жаңа жабдықтар, фармацептiк өнiмдер, технологиялық зерттеулер туралы ақпарат алмасу; және
      - өзара келiсiм бойынша медицина мен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың басқа да нысандары.
 
                              3-бап
      Уағдаласушы Тараптар осы елдерде өткiзiлетiн денсаулық сақтау және медицина проблемаларымен байланысты халықаралық конгрестер мен симпозиумдер жөнiнде ақпарат алмасатын болады және Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша екiншi Уағдаласушы Тарап осындай шараларға байланысты шығарылған тиiстi материалдарды беретiн болады.
 
                              4-бап
      Уағдаласушы Тараптардың тиiстi органдары медициналық жәрдем көрсету жөнiндегi медициналық әдебиет пен фильмдер тiзiмiн, сондай-ақ медицина саласындағы ағарту жөнiндегi жазбаша көрнекi аудио және видео материалдар алмасатын болады.
 
                              5-бап
      Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмдi орындауды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне және Израиль Мемлекетiнiң денсаулық сақтау министрлiгiне тапсырады.
      Осы Келiсiмдi орындау үшiн министрлiктер онда басқа аспектiлерiмен қатар қаржыландыру аспектiлерi де белгiленуге тиiстi Ынтымақтастық туралы жоспарға қол қоятын болады.
 
                              6-бап
      Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың iшкi заңдық процедураларына сәйкес мақұлдануға немесе бекiтiлуге тиiстi. Келiсiм мақұлдау немесе бекiту туралы дипломатиялық ноталар алмасу жолымен күшiне енедi және беймәлiм уақыт мерзiмiне күшiнде қалады. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы Келiсiмдi өзiнiң бұзғысы келетiнi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама

 

жолдау тәсiлiмен Келiсiмнiң күшiн жоя алады.

     Мұндай жағдайда Келiсiм күшiн жою туралы мәлiмдеме алынған

күннен бастап алты айдан кейiн күшiн жояды.

     Иерусалим қаласындағы 5756 жылдың 4 Tevet сәйкес келетiн 1995 жылғы

27 желтоқсанда екi түпнұсқада, әрқайсысы қазақ, орыс, ағылшын және иврит

тiлдерiнде жасалды және барлық мәтiннiң де бiрдей күшi бар.

     Қазақстан Республикасының          Израиль Мемлекетiнiң

           Үкiметi үшiн                   Үкiметi үшiн






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады