Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 5 маусым N 707. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.30. N 993 қаулысымен. ~P000993

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 6 қарашадағы N 2600 U952600_ Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 наурыздағы N 2918 U962918_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасын, Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Медициналық орталығын дербес заңды тұлға ретiнде ұстауға арналған шығыстар республикалық бюджеттен жеке қаржыландырылсын. <*>

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 
              1999.07.20. N 1012 қаулысымен.  

P991012_

  
     2. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң шығыстары 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы арқылы, ал Қазақстан 
Республикасы Парламентi Аппатарының шығыстары Қазақстан Республикасы 
Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы арқылы қаржыландырылады деп 
белгiленсiн.
     3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппаратын ұстауға арналған 
шығыстарды қаржыландырудың қолданылып жүрген тәртiбi сақталсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады