Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн берудiң тәртiбi мен шарттары жөнiндегi Ереженi бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 7 маусым N 720

      "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 маусымдағы  Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N  964 қаулысымен. 
      1. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн берудiң тәртiбi мен шарттары жөнiндегi қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
     2. Облыстардың және Ақмола мен Алматы қалаларының әкiмдерi жеке тұрғын үй салу көзделген жалпы жер массивiнен тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлер үшiн жеке тұрғын үй салуға аумақтарды қалдыруды қамтамасыз етсiн. 

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрiнiң
     орынбасары

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
1996 жылғы 7 маусымдағы     
N 720 қаулысымен         
БЕКIТIЛГЕН              

          Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк
       қызметшiлерге жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн
              берудiң тәртiбi мен шарттары жөнiндегi
                              ЕРЕЖЕ 

      1. Осы Ереже тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлер үшiн жеке тұрғын үй салуға жер учаскелерiн берудiң тәртiбi мен шарттарын айқындайды. 
      2. Мемлекеттiк қызметшiлерге бөлу үшiн көзделiп жеке тұрғын үй салуға қалдырылған аумақтар тиiстi қала құрылысы құжаттамасының негiзiнде, ереже бойынша, бiрыңғай массивпен белгiленедi. 
      Мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн беру басым тәртiппен жүзеге асырылады. 
      3. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскесi 0,10 гектар көлемде тегiн берiледi. 
      Белгiленген нормадан жоғары көлемде жер учаскесiн беру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жалпы негiзде жүзеге асырылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N  964 қаулысымен.
      4. Мемлекеттiк қызметшi жер учаскесiн алу үшiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органға немесе қызметшi өзi кәсiптiк қызметiн атқаратын аппараттағы мемлекеттiк органға өтiнiш бередi. 
      Жер учаскесiн алу үшiн соңғы ретте мемлекеттiк орган тиiстi атқарушы органға кепiлдеме жiбередi. 
      Өтiнiш пен кепiлдемемен бiрге мыналар: 
      мемлекеттiк қызметшiде жеке тұрғын үй салуға құқық беретiн жер учаскесiнiң болуы немесе жоқтығы туралы анықтама (оны 7 күндiк мерзiмде жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аудандық (қалалық) комитет бередi); 
      мемлекеттiк қызметшiде жеке меншiк үй құрылысының болуы немесе жоқтығы туралы анықтама (оны 7 күндiк мерзiмде жылжымайтын мүлiктi тiркеудi жүзеге асыратын орган бередi) қоса берiледi. 
      Мемлекеттiк қызметшiнiң өтiнiшiнде мыналар болуы тиiс: 
      фамилиясы, аты, тегi; 
      тұрақты тұратын жерi; 
      сұралып отырған жер учаскесiнiң орналасуға қолайлы орны (елдi мекен және оның ауданы, көшесi, квартал номерi және басқалары); 
      жер учаскесiнiң сұралған көлемi; 
      жеке құрылыс салушының тұрақты тұратын жерiнен басқа жерден жеке тұрғын үй салуға құқық беретiн жер учаскесiнiң болуы туралы мәлiмет (жер учаскесiнiң орналасқан мекен-жайымен көлемi, осы учаскенi берушi органның атауы, күнi және шешiмiнiң номерi). 
      5. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмi осы мәселе бойынша шешiм жобасын әзiрлеу үшiн жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық органға өтiнiш немесе кепiлдеме жiбередi. 
      Жер учаскесiн беру жөнiндегi шешiм жобасында мыналар: 
      мемлекеттiк қызметшiнiң фамилиясы, аты, тегi және жұмыс орны; 
      жер учаскесiнiң мақсатты пайдаланылуы; 
      жер учаскесiнiң аумағы және оның орналасқан жерiнiң сипаттамасы (елдi мекен және оның ауданы, көшесi, квартал номерi және т.б.); 
      жер учаскесi алынатын мемлекеттiк жер пайдаланушы атауы; 
      жергiлiктi атқарушы органның бөлiп берiлген учаскеде орналасқан жылжымайтын мүлiктi бұзу (көшiру) бөлiгiндегi мiндеттемесi; 
      жасыл өскiндердi, жер асты коммуникациялары мен көркейту жөнiндегi ғимараттарды сақтау шарты; 
      басқа да шарттар болуы тиiс. 
      6. Жер учаскесiн беру жөнiндегi әкiм шешiмiнiң жобасы (қорытынды жасау ретiнде) жер учаскесi алынғалы отырған мемлекеттiк жер пайдаланушымен, жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық органмен, жергiлiктi экология және биоресурстар, сәулет және қала құрылысы, санитарлық-эпидемиялық қызмет, өрттен қорғау органдарымен (қажет болған жағдайда мүдделерi жер бөлiп беру көзделiп отырған басқа да ұйымдармен және мекемелермен) келiсiледi және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнiң бекiтуiне енгiзiледi. 
      7. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмi 10 күндiк мерзiмде мемлекеттiк қызметшiге жер учаскесiн беру жөнiнде шешiм қабылдайды. 
      Мемлекеттiк қызметшiге жер учаскесiн беруден бас тартқан жағдайда оған бас тарту себебiнiң негiздемесiмен жазбаша хат тапсырылады. 
      8. Жеке тұрғын үй салу үшiн мемлекеттiк қызметшiге жер учаскесiн беру жөнiндегi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнiң шешiмi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу бойынша жерге орналастыру iсiн толтыруға және жер учаскесiне тиiстi құжаттарды хаттауға негiз болады. 
      9. Жеке тұрғын үй салуға жер учаскесiн алу үшiн мемлекеттiк қызметшiге қажеттi барлық құжаттар мен мәлiметтер, сондай-ақ жер учаскесiне меншiк құқығын беретiн акттi әзiрлеу мен беру тегiн жүргiзiледi. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады