Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойын мерекелеуге әзiрлiк туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 10 маусым N 721. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен. ~P020397

      Түркiстан қаласының Орта Азия аймағы өмiрiндегi тарихи, мәдени және рухани ролiне аса маңызды мән бере отырып және ел басшылығының ЮНЕСКО-ның атқарушы комитетi қолдаған бастамасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының, Мәдениет министрлiгiнiң, Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Қазақтың тарихи және мәдени ескерткiштерiн қорғау орталық кеңесiнiң, Оңтүстiк Қазақстан облысы мен Түркiстан қаласы әкiмдерiнiң, шығармашылық одақтардың, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ұйымдардың 1998 жылы Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойына әзiрлiк және оны өткiзу жөнiнде республикалық мерейтой комиссиясы (бұдан былай - Республикалық мерейтой комиссиясы) құрылсын және оның дербес құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      3. Республикалық мерейтой комиссиясы:
      ЮНЕСКО-ның атқарушы кеңесiне Үкiмет үндеуiнiң жобасында белгiленген тәртiппен әзiрлiкке арналған негiзгi шараларды нақты өткiзу мерзiмi туралы бiр ай мерзiмде Үкiметке ұсыныс енгiзсiн;
      Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойын өткiзу тұжырымдамасының жобасын қарасын және Үкiметтiң бекiтуiне енгiзiлсiн;
      Түркiстан қаласының мерейтойына әзiрлiк және оны өткiзу жөнiндегi шаралар жоспарын бекiтсiн;
      мерейтойлық монеттердiң түрлерiн шығару (айналысқа арналған монеттер, нумизматематикалық, Инвестициялық алтын монеттер) мен саны жөнiндегi ұсынысты, оларды сатудан түсетiн болжамды пайданы ескере отырып әзiрлеп, үкiметке тапсырсын.
      4. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Түркiстан қаласына 1997 жылдан бастап республикалық бағыныстағы қала мәртебесiн беру туралы мәселенi қарасын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
      республика Үкiметiнiң ЮНЕСКО-ның 1998 жылғы шаралар жоспарына 1998 жылы Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойына мерекелеудi енгiзу туралы ЮНЕСКО-ның атқарушы кеңесiне үндеуiн әзiрлесiн;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң шет ел мемлекеттерiнiң басшыларына мерейтой шараларын өткiзу және оған қатысуы туралы жолдауларының жобасын әзiрлесiн және республика Үкiметiнiң қарауына ұсынсын;
      Республикалық мерейтой комиссиясымен бiрлесiп мерейтой шараларына қатысу үшiн шетелдiк қонақтар квотасын айқындасын;
      Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерiндегi елшiлерi мен консулдарына Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойын өткiзуге әзiрлiк және оған қатысу жөнiндегi жұмысты бастау тапсырылсын.
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойына арналған мерейтойлық монеттер жиынтығын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi туристiк маршруттың тұжырымдамасын, оған аймақтың тарихи ескерткiштер жиынтығына: Сайрамдағы Ыбрайым ата мен Қарашаш ана кесенелерiне, Арыстанбаб, Отырар қаласының орнына, Сауран бекiнiсiне баруды енгiзе отырып әзiрлесiн.
      8. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы:
      Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiмен, Оңтүстiк Қазақстан облысы мен Түркiстан қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп 1997 жылы Қожа Ахмет Иассауи кесенесi кешенiнiң аумағында ғылыми-зерттеу, жаңғырту және мұражайландыру жұмыстары кешенiн аяқтасын, Иассы-Шавгар-Отырар қалаларының орындары аумақтарына археологиялық, этнографиялық, топонимиялық зерттеулер жүргiзсiн. 1998 жылы дүниежүзiлiк ғылыми жұртшылық өкiлдерiнiң қатысуымен, 1997 және 1998 жылдарға арналған бюджеттiң жобасында Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ғылымға арнап көзделген қаражат шегiнде Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Түркiстан қаласының 1500 жылдығына арналған ғылыми мерейтойлық сессиясын шақырсын;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Архивтер мен құжаттама бас басқармасымен бiрлесiп мамандардың шетел ғылыми және тарихи-архивтiк мекемелерiндегi Түркiстан туралы архив материалдарының зерделенуiн ұйымдастырсын және тиiстi ғылыми-зерттеу материалдарының библиографиялық көрсеткiштерiн құрастырсын.
      9. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстер жөнiндегi Ұлттық агенттiгi Республикалық мерейтой комиссиясына мерейтойлық плакаттар, шақыру билеттерiн және өзге де таныстыру материалдарын шығаруда көмек көрсетсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi шығармашылық одақтардың, басқа да мүдделi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ұйымдардың қатысуымен:
      Оңтүстiк Қазақстан облысы мен Түркiстан қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп 1996 жылғы 1 шiлдеге дейiн Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойын өткiзу жөнiндегi, соның iшiнде бiрiншi кезектегi шараларды қаржыландыру жөнiндегi Бiрыңғай шығыстар сметасын қарауға және бекiтуге тапсырсын;
      мерейтойға арналған медальдардың, плакаттардың, шақыру билеттерiнiң және өзге де таныстыру өнiмдерiнiң тiзбесiн айқындасын;
      озық әдеби өнер және сәулет туындылары үшiн, мәдениеттi дамытудағы үлесi үшiн, халықтар арасындағы өзара түсiнiстiкке көрсеткен жәрдемi үшiн Қожа Ахмет Иассауи атындағы жыл сайынғы сыйлықты белгiлеу жөнiндегi ұсынысты әзiрлесiн және Үкiметке енгiзсiн;
      Түркiстан қаласының 1500 жылдығына арналған фильмдер сценарийлерiне, пьесаларға, басқа да әдеби, сондай-ақ бейнелеу өнерi туындыларына конкурстар өткiзсiн.
      11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Оңтүстiк Қазақстан облысының және Түркiстан қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi ұсынған Бiрыңғай шығыстар сметасының негiзiнде Түркiстан қаласының 1500 жылдығын мерекелеу жөнiндегi шараларды өткiзуге байланысты, оның iшiнде бiрiншi кезектi шығыстарды қаржыландыруға арналған қаражат көлемiн айқындасын және олардың 1997 жылдан бастап бюджеттiң жобаларына енгiзiлу тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
      Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойына әзiрлiк жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар республикалық бюджетте көзделген тиiстi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қаражатының есебiнен жүргiзiледi деп белгiленсiн. <*>
      Аталған шараларды жүзеге асыруға байланысты мемлекеттiк сатып алулар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) "Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 мамырдағы N 586 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасында республикалық бюджет қаражаты есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар жүйесi туралы Ережеге және "Аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру тәртiбi туралы Үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

1996 жылғы 24 шiлдедегi N 925 қаулысымен бекiтiлген, аймақтық
сұранымды қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджет есебiнен тауарларды
(жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) ұйымдастыру туралы Үлгi ережеге
сәйкес конкурстық негiзде жүргiзсiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 11-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.04.
              N 474 қаулысымен.  

P970474_

 
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
         орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                          Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 10 маусымдағы
                                         N 721 қаулысына
                                           ҚОСЫМША 
     
         Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойына әзiрлiк және
         оны өткiзу жөнiндегi Республикалық мерейтой комиссиясының
                                  ҚҰРАМЫ 
     Қажыгелдин Ә.М.    - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
                          комиссия төрағасы
     Тасмағамбетов И.Н. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
                          орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
     Тұрысбеков З.Қ.    - Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi, комиссия
                          төрағасының орынбасары
     Аманшаев Е.А.      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты
                          Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң сектор
                          меңгерушiсi, комиссияның жауапты хатшысы
              Комиссия мүшелерi:
     Абаев Х.С.         - Қазақстан Суретшiлер одағының төрағасы
     Андрющенко А.И.    - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
                          орынбасары
     Байпақов К.М.      - Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi -
                          Ғылым академиясы Марғұлан атындағы
                          Археология институтының директоры
     Бердiбаев Р.Б.     - Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi -
                          Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет
                          және өнер институтының бөлiм меңгерушiсi
     Уәлиханов Ш.Е.     - Қазақтың тарихи және мәдени ескерткiштерiн
                          қорғау қоғамы орталық кеңесi төралқасының
                          төрағасы
     Жұмағұлов М.Б.    - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты
                         Аумақтық даму бөлiмiнiң бас инспекторы
     Жұрынов М.Ж.       - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрi
     Ыбыраев Ш.А.       - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi -
                          Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы
                          әдебиет және өнер институтының директоры
     Қозыбаев М.К.      - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi -
                          Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы
                          Тарих және этнология институтының директоры
     Қошанов А.Қ.       - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi -
                          Ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар
                          бөлiмшесiнiң академик-хатшысы
     Құлыбаев А.А.      - Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын
                          үй және аумақтарда құрылыс салу министрi
     Құлмаханов Ш.Қ.    - Алматы қаласының әкiмi
     Мамашев Т.А.       - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрi
     Монтахаев К.Ж.     - Қазақстан Сәулетшiлер одағының президентi
     Мұхамеджанов Қ.М.  - "Түркiстан" газетiнiң редакторы,
                          Қазақстанның халық жазушысы
     Мұхамеджанов О.Б.  - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты
                          Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
     Найманбаев Қ.Н.    - Қазақстан Жазушылар одағының бiрiншi хатшысы
     Нысанбаев Р.Х.     - Қазақстан мұсылмандарының муфтиi
     Павлов А.С.        - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi
     Рымжанов О.М.      - Қазақстан Республикасының Мәдениет
                          министрлiгi жанындағы "Қазақкино"
                          мемлекеттiк компаниясының төрағасы,
                          Қазақстан кинематографистер одағының
                          төрағасы
     Рыс-ұлы М.         - Түркiстан қаласындағы Қ.Иассауи атындағы
                          халықаралық университеттiң ректоры
     Сүгiрбаев С.Ш.     - Түркiстан қаласының әкiмi
     Сүлейменов Т.Б.    - Қазақстан Дизайнерлер одағының президентi
     Тоқаев Қ.Қ.        - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
                          министрi
     Школьник В.С.      - Қазақстан Республикасының Ғылым министрi -
                          Ғылым академиясының президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады