1. "Павлодар үй құрылысы комбинаты" акционерлiк қоғамының құны 8600 мың (сегiз миллион алты жүз мың) теңге тұратын даяр пәтерлердi Жаңатұрғын үй саясаты жөнiндегi бағдарламаның ережелерiне сәйкес оларды кейiн пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Тұрғын үй құрылысы банкiнiң иелiгiне беру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Павлодар үй құрылысы комбинаты" акционерлiк қоғамының бюджетке 8600 мың (сегiз миллион алты жүз мың) теңге сомасындағы республикаiшiлiк өзара қарыздар есептемесiн жүргiзу қорытындылары бойынша берешегiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Тұрғын үй құрылысы банкiне құрылысты ұзақ мерзiмдiк жеңiлдiктi кредит беру немесе азаматтардың
тұрғын үй алуына арналған ресурс ретiнде республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiне есептеме жүргiзсiн. 3. Аталған есептеме 1996 жылға арналған бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары