Екiбастұз 1-ГРЭС-iн жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 13 маусым N 735

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, энергетика саласын дамыту мен Екiбастұз 1-ГРЭС-iн қайта құрастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп 1996 жылдың 20 маусымына дейiнгi мерзiмде Екiбастұз 1-ГРЭС-iн қаржылық-экономикалық сауықтыруға қажеттi инвестициялық талаптары мен және оның жылдық энергия шығаруын 2000 жылға 22 млрд. кВт/сағ.-қа дейiн жеткiзудi белгiлесiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылдың 20 маусымына дейiнгi мерзiмде Екiбастұз 1-ГРЭС-iн балансындағы мүлiктердi қабылдау-өткiзу актiсi бойынша, белгiленген заң тәртiбiмен сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi аталған қабылдау-өткiзу актiсiне қол қойылғаннан кейiн бес күн iшiнде Екiбастұз 1-ГРЭС-iн мүлiктiк кешенiн сату бойынша тендер шарттарын орындау жөнiнде өздерiне мiндеттеме алған қатысушылар арасында саудаластықтың голландық процедураларын қолдана отырып, жабық тендер өткiзудi ұйымдастырсын. Тендер шарттары электр энергиясын өндiру көлемiн қамтамасыз ету және бұл үшiн қажеттi инвестициялық бағдарламаларды орындау жөнiндегi мiндеттемелердi қамтуға тиiс.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Энергетика және

көмiр министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi
басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi саудаластық өткізiлгенге
дейiн Екiбастұз 1-ГРЭС-нiң iшкi және сыртқы мiндеттемелерi бойынша
құқықтық мұрагерлерiн айқындасын.
     5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г. Штойкке жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады