1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң, Жезқазған облысы әкiмiнiң және Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң Кеңгiр су қоймасын "Жезқазғантүстiмет" акционерлiк қоғамының құрамынан Қазақстан Республикасы Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң қарамағына беру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiлеген заң тәртiбiмен Кеңгiр су қоймасы мен гидротехникалық кешенiн Жезқазған облыстық су ресурстары жөнiндегi комитетiне беретiн болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдiң орынбасары