Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң қарауына жататын ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан
Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 P931228_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж,. N 48, 581-бап);
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 6 ақпандағы N 115 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж.,N 5, 62-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 25-тармағы.
Қазақстан Республикасының
Премьер- Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996жылғы 17 маусымдағы N 741
қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (Қазақстан Республикасының Әлеуметминi) жас шамасы бойынша, ауырған мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтiк қамсыздандыру саласына басшылықты жүзеге асыратын және зейнеткерлердi, мүгедектердi, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларын, сондай-ақ халықтың мемлекеттiк қолдауға мұқтаж басқа да топтарын әлеуметтiк қолдау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзудi қамтамасыз ететiн, орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заңдарын, актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттермен, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрге халықты әлеуметтiк қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қамтамасыз етуге жауап бередi.
4. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
халықты әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттiк ғылыми негiзделген бағдарламалар, жоспарлар мен болжамдар әзiрлеу;
халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi заңдарды жетiлдiру туралы заңдық және басқа нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобалары мен ұсыныстар әзiрлеу;
халықты әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету бөлiгiнде заңдық және нормативтiк актiлердi жүзеге асыру;
мемлекеттiк зейнетақымен, жәрдемақымен және басқа да әлеуметтiк төлемдермен қамтамасыз ету;
зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры мен Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қызметiне басшылық жасау;
мiндеттi сақтандыру жарналарын төлеушiлердiң толық есепке алынуы мен тiркелуiн қамтамасыз ету;
зейнетақы, жәрдемақы және басқа әлеуметтiк төлемдер төлеуге жұмсалатын қаражатты шоғырландыру және шығындардың қаржыландырылуын қамтамасыз ету;
Зейнетақы қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына қаражаттың толық түсуiне және зейнетақының, жәрдемақының және басқа да әлеуметтiк төлемдердiң уақытылы төлеуiне бақылау жасау;
ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң, сондай-ақ халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi шаралардың қаржыландыруын қамтамасыз ету;
бюджет қаржысының, Зейнетақы қоры мен Мемлекеттiк сақтандыру қоры қаражатының ұтымды және тиiмдi пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;
халықты әлеуметтiк қорғау органдарының қызметiн үйлестiру және оларға ұйымдық-әдiстемелiк көмек көрсету;
халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнде бiрыңғай ақпараттық технологияларды әзiрлеу және енгiзу, ақпаратты өңдеудiң автоматтандырылған жүйесiн жасау;
медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясымен мүгедектердi оңалту қызметiн ұйымдастыру және басқару, мүгедектердiң қолданыстағы инфрақұрылымға қолы жетуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға қатысу;
зейнеткерлердi, мүгедектердi, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларын, халықтың мемлекеттiк қолдауға мұқтаж басқа да топтарын қолдау мақсатымен өкiлеттi және атқарушы органдармен, қоғамдық бiрлестiктермен, қайырымдылық қорларымен және өзге де құрылымдарымен өзара iс-қимыл жасау;
ардагерлер мен мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң қызметiне жәрдемдесу және қолдау көрсету;
басқа мемлекеттердiң тиiстi құрылымдарымен, халықаралық ұйымдармен Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бөлiгiнде халықаралық ынтымақтастық, өзара байланысты қолдау.
5. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мына функцияларды жүзеге асырады:
а) зейнетақымен қамтамасыз ету және жәрдемақы берудi ұйымдастыру саласында:
зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтiк төлемдердi тағайындау, қайта есептеу, төлеу және жеткiзiп беру жөнiндегi ұйымдық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
зейнетақымен қамсыздандыруды жетiлдiру және жәрдемақы беру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi;
халықты әлеуметтiк қорғау органдарының жұмысына басқарудың автоматтандырылған жүйесi және деректердi өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламалар пакеттерiн әзiрлейдi және енгiзедi;
зейнетақылық және әлеуметтiк сақтандырудың мемлекеттiк емес қорларын дамыту үшiн құқықтық негiздi әзiрлеуге қатысады;
б) әлеуметтiк қызмет көрсету саласында:
жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен зейнеткерлерге, мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына және халықтың мемлекеттiк қолдауға мұқтаж басқа да топтарына әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсетудi, сондай-ақ оларға заңдарда белгiленген жеңiлдiктер, санаторийлiк-курорттық емделуге жолдамалар, арнаулы жүрiп-тұру құралдарын берудi, халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң мекемелерiндегi зейнеткерлер мен мүгедектерге материалдық-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтiк және арнаулы мәдени қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен мекемелердiң жұмысын үйлестiрудi қамтамасыз етедi, салада нарықтық қатынастарды дамытуға жәрдемдеседi;
медициналық-әлеуметтiк сараптама және мүгедектердi оңалту қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
қала құрылысы саласында инфрақұрылым объектiлерiнiң мүгедектер мен қарт азаматтар үшiн оңтайлы болуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға қатысады;
мүгедектер мен зейнеткерлердiң еңбегiн пайдалану жөнiндегi мамандырылған кәсiпорындарды құруға және дамытуға, еңбектiң үйге жұмыс алып iстейтiн түрлерi мен жұмыспен қамтудың басқа да нысандарын дамытуға жәрдемдеседi;
халыққа протездiк-ортопедиялық көмектi ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
протездеу және протез жасау саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық базаны құру және оның жұмыс iстеуi, мүгедектердi оңалтудың техникалық құралдарын әзiрлеу және енгiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
в) халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi заңдарды әзiрлеу саласында:
мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп халықты әлеуметтiк қорғау туралы заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi, халықты әлеуметтiк қорғау туралы заңдардың қолданылу практикасын қорытады;
заңдық және басқа нормативтiк актiлердiң жобалары бойынша әлеуметтiк мәселелерге қатысты бөлiгiнде қорытындылар әзiрлейдi;
г) қаржы қызметi саласында:
республика халқын әлеуметтiк қорғау органдарының жүйесiнде экономикалық және қаржы жұмыстарын ұйымдастырады;
кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi, сондай-ақ халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi шараларды перспективалық және ағымдық болжауды, қаржыландыруды жүзеге асырады;
халыққа әлеуметтiк көмек көрсетудiң түрлерiн ұйымдастыру жөнiнде экономикалық негiздемелер әзiрлейдi;
зейнеткерлерге, мүгедектерге, жасы кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына және халықтың мемлекеттiк қолдауға мұқтаж басқа да топтарына қатысты салық саясатын қалыптастыру туралы ұсыныстар әзiрлеуге қатысады;
өз құзыретi шегiнде халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiндегi қызметкерлердiң еңбегiн ұйымдастыруды, нормаға келтiрудi және еңбекақы төлеудi жетiлдiру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерiне желiлiк көрсеткiштердi әзiрлейдi, еңбекақы төлеу (лауазымдық жалақы тарифтiк ставка, қосымшаақы, үстемақы, еңбекақыға аудандық коэффициенттер және басқалар) нысандары мен жүйесiнiң дұрыс қолдануына бақылау жасауды ұйымдастырады, халықты әлеуметтiк қорғау қызметкерлерiнiң лауазымдық бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлейдi;
министрлiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен мекемелердiң шаруашылық қызметi жөнiндегi баланстары мен есептерiн қарайды;
қарт азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсету нормативтерiн әзiрлейдi;
Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры мен Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының бюджеттерiн қалыптастыру және бекiту жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi;
Зейнетақы қоры мен Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорлары бюджеттерiнiң кiрiсi мен шығысы бойынша атқарылуы жөнiндегi ағымдағы, оперативтiк жұмысты ұйымдастырады;
Зейнетақы қоры мен Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорлары қаражатының толық, уақтылы түсуiне және нысаналы пайдалануына бақылау жасайды;
Зейнетақы қоры мен Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорларының қаражатына бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастырады, Зейнетақы қоры мен Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорлары қаражатының түсуi мен пайдалануы көрсеткiштерi бойынша бухгалтерлiк, статистикалық және оперативтiк есептiлiк жасалуын қамтамасыз етедi;
д) халықаралық ынтымақтастық саласында:
белгiленген тәртiппен халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерiмен айналысатын халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысады;
халықты әлеуметтiк қорғау саласында өз құзыретi шегiнде шетелдiк әрiптестермен шарттар әзiрлеуге және жасасуға қатысады;
халықаралық келiсiмдерге сәйкес Қазақстан аумағында тұратын шетелдiк азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру, жәрдемақы беру және оларға әлеуметтiк қызмет көрсету мәселелерiн шешедi;
е) Министрлiк қызметiнiң басқа мәселелерi:
халықты әлеуметтiк қорғау органдары жүйесiнде кадрларды даярлау мен орналастыру және кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру жөнiндегi шараларды ұйымдастырады және жүргiзедi азаматтардың өтiнiштерiн, арыздары мен шағымдарын қолданыстағы заңдарда белгiленген мерзiмде қарайды және олар бойынша қажеттi шаралар қолданады;
әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;
азаматтық қорғаныс шараларын жүзеге асыру жөнiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимылды қамтамасыз етедi.
6. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жүктелген функцияларды орындау үшiн мынадай құқық берiледi:
халықты әлеуметтiк қорғау бойынша қолданыстағы заңдардың дұрыс қолданылуына бақылау жасау;
Зейнетақы қоры мен Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорларына сақтандыру жарналарының дұрыс есептелiп, толық және уақтылы аударылуы мәселелерi бойынша меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда тексеру жүргiзу және тексеру нәтижелерi бойынша белгiленген тәртiппен шаралар қолдану;
зейнеткерлердi, мүгедектердi, жасы кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларын және халықтың әлеуметтiк қамсыздандырылуға құқығы бар, сондай-ақ мемлекеттiк қолдауға мұқтаж басқа да топтарын әлеуметтiк қорғауға байланысты мәселелер бойынша орталық, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасау;
әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша халықты хабардар ету;
құзыретi шегiнде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, халықты әлеуметтiк қорғау органдарының орындауы үшiн мiндеттi нұсқаулы құжаттар шығару;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бөлiгiнде Қазақстанның мүдделерiн халықаралық деңгейде бiлдiру.
7. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi облыстық, қалалық, аудандық халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының (бөлiмдерiнiң) және республикалық ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне тiкелей басшылық жасайды. Бұл органдар өз қызметi туралы Министрлiкке есеп бередi және оның бақылауында болады.
Ведомстволық бағыныстағы мекемелердi ұйымдарды, кәсiпорындарды құруды, қайта ұйымдастыруды, таратуды және атау берудi - Министрлiк, ал облыстық, қалалық аудандық халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларын (бөлiмдерiн) құруды, қайта ұйымдастыруды, таратуды және атау берудi министрлiктiң келiсiмi бойынша тиiстi әкiмдер жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
8. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Министр басқарады.
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң, Министрдiң ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын орынбасарлары болады. Министрдiң орынбасарлары, құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары арасындағы мiндеттердi бөлудi Министр жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрi Министрлiкке жүктелген мiндеттер мен қызметтердiң орындалуы үшiн дербес жауап бередi, Министрдiң орынбасарларына және Министрлiктiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi басшыларына Министрлiк қызметiнiң жекелеген бағыттарына басшылық жасау үшiн жүктелген жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi.
9. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрi:
Министрлiктiң орталық аппаратының қызметкерлерiн, ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың басшы қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
тиiстi әкiмдердiң келiсiмi бойынша облыстар мен Алматы қаласының халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының бастықтарын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Министрлiкке ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғыларын (ережелерiн) бекiтедi, олардың құрылымына өзгерiстер енгiзедi;
орталық аппараттың штаттық кестесiн, Министрлiктiң бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ тиiстi кезеңге арнап бекiтiлген қаржы шегiнде Министрлiктiң орталық аппаратын ұстауға жұмсалатын шығынның сметасын бекiтедi;
Министрлiктiң құзыретi шегiнде халықты әлеуметтiк қорғау органдары мен ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар үшiн орындауға мiндеттi бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
қолданыстағы заңдарға сәйкес басқа да құқықтары бар;
қажет жағдайда Қазақстан Республикасының басқа министрлiктерiнiң, ведомстволарының басшыларымен бiрлескен бұйрықтар, нұсқаулықтар және түсiндiрмелер шығарады.
10. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң орталық аппаратының құрылымы мен қызметкерлерiнiң санын және еңбекақы қорын қоса есептегенде оны ұстауға жұмсалатын қаржы мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
11. Құрамына Министр (Төралқа төрағасы) және лауазымына қарай оның орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары кiретiн төралқа - Министрдiң жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады. Төралқаның құрамын Министр бекiтедi.
Төралқа өз мәжiлiстерiнде халықтық әлеуметтiк қорғаудың негiзгi
мәселелерiн қарайды, Министрлiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың
баяндамаларын, Министрлiк басқармалары мен бөлiмдерiнiң есептерiн
және Министрлiктiң құзыретiне қатысты басқа да мәселелердi тыңдайды.
Төралқа шешiмдерi Министрдiң бұйрығымен жүзеге асырылады.
12. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi дербес балансы, банк мекемелерiнде есеп айырысу және өзге
де (оның iшiнде валюталық) шоттары, Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген, өзiнiң атауы қазақ және орыс
тiлдерiнде жазылған мөрi бар заңды тұлға болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 17 маусымдағы
N 741 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң қарауына жататын ұйымдардың
ТIЗБЕСI
Республикалық медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясы (РМӘСК)
Ақпараттық талдау орталығы
Кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру курстары
Алматы тәжiрибе-эксперименттiк протез-ортопедиялық орталығы
Петропавл протез-ортопедиялық бұйымдар жасайтын
тәжiрибе-эксперименттiк кәсiпорны
Семей протез-ортопедиялық бұйымдар жасайтын
тәжiрибе-эксперименттiк кәсiпорны
Орталық эксперименттiк протездеу лабораториясы
Соғыс және еңбек ардагерлерiне арналған республикалық "Ардагер"
пансионаты