Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 9 желтоқсан N 1228. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.17. N 741 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi туралы ұсынылып отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң "Қазақ ССР Әлеуметтiк қамсыздандыру министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы" 1969 жылғы 5 маусымдағы N 365 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ, 1969 ж., N 12, 59-бап) күшiн жойды деп танылсын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 9 желтоқсандағы
                                          N 1228 қаулысымен
                                           Бекiтiлген
             Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк
                    жағынан қорғау министрлiгi туралы
                              Ереже
                    I. Жалпы ереже
      1. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi (мұнан былай - Министрлiк) зейнеткерлерде мүгедектердi, жасы кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларын, сондай-ақ мемлекеттiк қолдауды қажет ететiн адамдардың еңбекке жарамсыз басқа да топтарын әлеуметтiк қорғау саласындағы бiртұтас мемлекеттiк саясатты және мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асырушы мемлекеттiк басқарудың орталық органы болып табылады.
      Министрлiк өз жұмысын орталықтағы өкiлеттi және атқару органдарымен, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктермен өзара тығыз қатынаста жүзеге асырады.
      Министрлiк, оның қарауындағы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының халықты әлеуметтiк қорғау органдары, сондай-ақ республиканың Зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтiк қорғаудың бiртұтас мемлекеттiк жүйесiн құрайды.
      2. Министрлiк өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, республика Жоғарғы Кеңесiнiң заңдары мен басқа да шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулыларын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулыларын және осы Ереженi басшылыққа алады.
 
                    II. Негiзгi мiндеттерi мен қызметтерi
      3. Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың және бағдарламалардың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
      Министрлiк шешетiн мәселелерге қатысты заңдарды жетiлдiру туралы ұсыныстар даярлау;
      зейнетақымен, жәрдемақымен және басқа әлеуметтiк төлемдермен мемлекеттiк қамтамасыз етудi, сондай-ақ қарт азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
      зейнетақылардың барлық түрiн төлеу үшiн берiк қаржы негiзiн жасау мақсатында республиканың Зейнетақы қорының және оның жергiлiктi бөлiмшелерiнiң жұмысын қамтамасыз ету;
      халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнде бiртұтас ақпараттық технологияны жасап, енгiзу, сондай-ақ ақпараттарды өңдеудiң автоматтандырылған жүйесiн құру;
      қолданылып жүрген заңды пайдалануға байланысты жер-жерлердегi халықты әлеуметтiк қорғау органдарына ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек көрсету;
      ардагерлер мен мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң жұмысына ықпал етiп, қолдау жасау;
      медициналық-әлеуметтiк сарап жұмысын, мүгедектердi оңалтуды ұйымдастырып, оған басшылық жасау, сондай-ақ мүгедектердiң жұмыс iстеп тұрған инфрақұрылымдарға қамтылуын қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi шараларды орындауға белгiленген тәртiпте қатысу;
      мемлекеттiк қолдауды қажет ететiн зейнеткерлердi, мүгедектердi, кәмелетке жасы толмаған балалары бар отбасыларын қолдау мақсатында қоғамдық бiрлестiктердiң, мекемелер мен ұйымдардың, қайырымдылық қорларының және басқа әлеуметтiк-мәдени құрылымдардың орталық органдар мен облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының өкiлеттi және атқару органдарымен өзара iс-қимылын үйлестiру.
      4. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай қызметтердi жүзеге асырады:
      а) зейнетақымен қамсыздандыру және жәрдемақы берудi ұйымдастыру саласында:
      зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындап, төлеу және жеткiзiп беру жөнiндегi ұйымдастыру және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
      зейнетақылар мен жәрдемақылар төлемдерiн қаржымен қамтамасыз етедi;
      зейнетақымен қамсыздандыруды жетiлдiру және жәрдемақы беру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi;
      жеңiлдiктi зейнетақылармен қамсыздандырылуға хұқық беретiн өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдар мен көрсеткiштердiң тiзiмiн жасау мәселесi бойынша басқа министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және ведомстволармен өзара қарым-қатынаста болып, келiсiлген ұсыныстарды даярлайды;
      б) әлеуметтiк қызмет көрсету саласында:
      облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының атқарушы өкiмет органдарының қатысуымен қарт азаматтарға, мүгедектерге, жасы кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына және мемлекеттiк қолдауды қажет ететiн халықтың басқа да топтарына әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсетудi, сондай-ақ оларға заңда белгiленген жеңiлдiктердi, санаторий-курорттық ем алуға жолдамаларды және арнайы жүрiп-тұру құралдарын берудi, әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерiндегi қарт азаматтар мен мүгедектерге материалдық-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтiк және мәдени қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
      ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен мекемелер жұмыстарын үйлестiрудi қамтамасыз етедi, салада нарық қатынастарының дамуына жәрдем көрсетедi;
      в) мүгедектердi медициналық-әлеуметтiк сараптан өткiзу, оңалту және протез-ортопедия көмегiн көрсету саласында:
      мүгедектердi медициналық-әлеуметтiк сараптан өткiзу мен оңалту қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
      мүгедектер мен қарт азаматтарға арналған инфрақұрылым объектiлерiне барып-тұруды қамтамасыз ететiн қала салу саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға қатысады;
      мүгедектер мен зейнеткерлердiң еңбегiн пайдаланатын арнайы кәсiпорындарды құрып, дамытуға, еңбектiң үйде iстелетiн түрлерiн және еңбекке қамтудың басқа да нысандарын дамытуға жәрдемдеседi;
      мүгедектердi оңалтудың арнайы көлiк құралдарын, бейiмдеу және басқа техникалық құралдарды өндiруге мұқтаждықты анықтап, берiлген тапсырыстарды орындайды және оларға күтiм жасауды жүзеге асырады;
      халыққа протез-ортопедиялық көмек көрсетудi ұйымдастыруды, басқа министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және ведомстволармен, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының атқару өкiметi органдарымен бiрлесiп протез-ортопедия бұйымдарын жасауды арттыру және оларды әзiрлеу технологиясын жетiлдiру, сондай-ақ олардың жаңа түрлерiн өндiру жөнiндегi жұмысты жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      г) халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi заң саласында:
      мүдделi орталық органдармен, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының атқару өкiметi органдарымен бiрлесiп халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi заңды жетiлдiру туралы ұсыныс әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзедi, Министрлiктiң құзырына жатқызылған мәселелер бойынша заңдардың қолданылу практикасын қорытады;
      Министрлiктiң қарауына жататын мәселелер бойынша республиканың министрлiктерi мен ведомстволарының заң және басқа нормативтiк актiлерiнiң жобалары жөнiнде қорытынды әзiрлейдi;
      д) қаржы және шаруашылық жұмыстары саласында:
      Министрлiк жүйесiндегi экономикалық және қаржылық жұмысты, халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi шараларды қаржыландыруды ұйымдастырады;
      халыққа алуан түрлi әлеуметтiк көмек көрсетудi ұйымдастыру жөнiнде экономикалық негiздер әзiрлейдi;
      зейнеткерлерге, мүгедектерге, жасы кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына және мемлекеттiк қолдауды қажет ететiн адамдардың басқа да топтарына қатысты салық саясатын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге қатысады;
      халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң қызметкерлерiне еңбекақыны ұйымдастыру, нормалау және төлеудi жетiлдiру жөнiндегi шараларды өз құзыретiнiң шегiнде жүзеге асырады;
      Министрлiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен мекемелердiң шаруашылық жұмыс жөнiндегi баланстары мен есеп-қисаптарын қарайды;
      республиканың әлеуметтiк қорғау жүйесiнде iшкi ведомстволық бақылауды ұйымдастырады;
      республикалық Зейнетақы қоры қаржыларының толығымен, уақытында келiп түсуiне және олардың өз мақсатында жұмсалуына бақылау жасайды;
      әлеуметтiк қорғау органдары жүйесiнде кадрларды даярлау мен орналастыру, бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды ұйымдастырып, өткiзедi;
      азаматтардың ұсыныстарын, өтiнiштерi мен шағымдарын қолданылып жүрген заң белгiлеген мерзiмдерде қарап, олар бойынша қажеттi шаралар қабылдайды, әлеуметтiк мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;
      е) халықаралық ынтымақтастық саласында:
      еңбекке жарамсыз адамдардың әлеуметтiк жағдайы мәселелерiмен айналысатын халықаралық ұйымдардың жұмысына белгiленген тәртiп бойынша қатысады;
      еңбекке жарамсыз адамдарды әлеуметтiк қорғау саласында шетелдiк серіктерiмен өз құзыретi шегiнде шарттарды даярлауға және жасасуға қатысады;
      халықаралық келiсiмдерге сәйкес республика аумағында тұратын шетел азаматтарын зейнетақымен қамсыздандырып, жәрдемақы беру, әлеуметтiк қызмет көрсету мәселелерiн шешедi.
 
                    III. Жұмысын ұйымдастыру
      5. Министрлiк өз құзыретi шегiнде;
      ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен мекемелерде, сондай-ақ халықты әлеуметтiк қорғау саласының аумақтық органдарында қолданылып жүрген заңдардың дұрыс пайдаланылуына бақылау жасайды;
      зейнеткерлердi, мүгедектердi, жасы кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларын және халықтың мемлекеттiк қолдауды қажет ететiн басқа да топтарын әлеуметтiк қорғаумен байланысты мәселелер бойынша республиканың министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен және ведомстволарымен, облыстардың және Алматы Ленинск қалаларының өкiлеттi әрi атқару органдарымен бiрлесiп әрекет жасайды;
      әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiнде халықты хабардар етiп отырады.
      6. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiн Министр басқарады, оны Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң ұсынуы бойынша қызметке Қазақстан Республикасы Президентi тағайындайды және қызметтен босатады.
      Халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасарларын болады, оларды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды. Орынбасарлар атқаратын мiндеттердi Министр бөледi.
      7. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрi:
      Министрлiктiң орталық аппаратының қызметкерлерiн, министрлiк қарауындағы кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшы қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметiнен босатады, ал министрлiктiң аумақтық органдарының басшыларын облыс әкiмдерiнiң келiсiмiмен тағайындап, босатады. Министрлiктiң қарауындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың құрылымына өзгерiс енгiзiп отырады;
      Министрлiкке жүктелген тапсырмалар мен мiндеттердiң орындалуына тiкелей бередi, Министрдiң орынбасарларының, басқармалар, бөлiмдер бастықтарының және министрлiктiң басқа да бөлiмшелерi басшыларының Министрлiк жұмысының жекелеген салаларына басшылық жасау, Министрлiк жүйесiнiң мекемелерi мен ұйымдарының жұмысына жауапкершiлiгi деңгейiн белгiлейдi;
      Министрлiк өз құзыретi шегiнде, қолданылып жүрген заңдар негiзiнде әрi Президенттiң жарлықтарын, қаулыларын және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн орындау үшiн облыстардағы, қалалардағы, аудандардағы халықты әлеуметтiк қорғау органдары, ведомстволық бағыныстағы басқа да мекемелер мен ұйымдар орындауға мiндеттi бұйрықтар, нұсқаулар мен түсiнiктемелер шығарады;
      қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволарының басшыларымен бiрлесiп бұйрықтар, нұсқаулар мен түсiнiктемелер шығарады;
      қызметтiк жалақы жүйесiне сүйене отырып, еңбекке ақы төлеу қоры мен қызметкерлер санының белгiленген шегiнде Министрлiк орталық аппаратының, штаттық кестесiн, сондай-ақ аппараттың және оның қарауындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, оқу орындарының құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi.
      Ескерту. 7-тармақтың 6 абзацынан сөз алынып тасталған - ҚРМК-нiң
               1995.02.06. N 115 қаулысымен.
      8. Министрлiкте құрамына Министр (төраға), қызметi бойынша Министрдiң орынбасарлары, сондай-ақ саланың басқа да басшы қызметкерлерi енетiн алқа құрылады.
      Министрлiктiң алқа мүшелерiн Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      9. Министрлiктiң алқасы өзiнiң жүйелi түрде өткiзiп тұратын мәжiлiсiнде халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзгi мәселелерiн қарайды, облыс, қала және аудан басқармалары мен бөлiмдерiнiң, өзiне ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен ұйымдар басшыларының баяндамаларын, министрлiктiң басқармалары мен бөлiмдерiнiң есептерiн, тапсырмалардың орындалуын тексеру, кадрларды iрiктеу және тәрбиелеу мәселелерiн тыңдайды.
      Алқа шешiмдерi, әдетте, Министрдiң бұйрығымен немесе хаттама шешiмдерiмен жүзеге асырылады. Министр мен алқа арасында келiспеушiлiк жағдай туындаған кезде, Министр туындаған келiспеушiлiктер туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне хабарлай отырып, өз шешiмiн жүзеге асырады, ал алқа мүшелерi, өз кезегiнде, пiкiрлерiн Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетiне хабарлай алады.
      10. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан

 

қорғау министрлiгi заңды мекеме болып табылады, тұрақты балансы,

банкi мекемелерiнде есеп айырысу және басқа (оның iшiнде валюталық)

есептерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

бейнеленген мөрi, қазақ және орыс тiлдерiнде өзiндiк атауы бар.

Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң

орналасқан жерi - Алматы қаласы.











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады