Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы туралы<*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 маусым N 749. Қаулының және Ереженiң атауы мен мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң 1996.09.24. N 1164 қаулысымен. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.02.12. N 203 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы (бұдан әрi - "Қазақкино" мемкомпаниясы) Қазақстан Республикасының кинематография саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу мен бағдарламаларды жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
      2. "Қазақкино" мемкомпаниясының орталық аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру орталық атқарушы органдарын ұстауға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
      Облыстардың, қалалар мен аудандардың әкiмдерiне кинематографияның жергiлiктi органдарын қаржыландыруды тиiстi бюджеттер есебiнен жүзеге асыру ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы қаржылық, мүлiктiк және функционалдық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясының құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      4. Қоса берiлiп отырған:

     Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi жанындағы
"Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы туралы Ереже;
     
<*>

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың 3-абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 
              1996.09.24. N 1164 қаулысымен.
 
     5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы
"Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 қаңтардағы N 40  

P940040_

 
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 2, 19-бап)
күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
         орынбасары
                                Қазақстан Республикасы
                                    Үкiметiнiң
                                1996 жылғы 18 маусымдағы
                                   N 749 қаулысымен
                                     Бекiтiлген

             Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi
                 жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк
                      компаниясы туралы
                             Ереже

               I. Жалпы ережелер

     1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi жанындағы
"Қазақкино" мемкомпаниясы өз қызметiнде Қазақстан

Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң шешiмдерiн, осы Ереженi басшылыққа алады.
      2. "Қазақкино" мемкомпаниясы облыстық, аудандық, қалалық кинематография органдарымен, өзiнiң құрамына кiретiн республикалық және басқа кино, бейне ұйымдарымен бiрге республиканың бiрыңғай кинематография жүйесiн құрайды.
      3. "Қазақкино" мемкомпаниясының өз шоттары, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде өзiнiң атауы жазылған мөрi болады.
      "Қазақкино" мемкомпаниясының тұрған жерi мен заңдық мекен-жайы: 480091, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесi, 50.

              II. "Қазақкино" мемкомпаниясының мiндеттерi
                          функциялары мен құқықтары

      4. "Қазақкино" мемкомпаниясының негiзгi мiндеттерi:
      Қазақстан Республикасы ұлттық кинематографиясын дамытудың ағымдағы және перспективалық бағдарламаларын, негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
      тиiстi мәдениет органдарымен, сондай-ақ облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiмен келiсiм бойынша кинематография объектiлерiнiң қызмет ету және даму мәселелерiн шешу;
      аудандық, қалалық, облыстық, республикалық кино, бейне қызметiн көрсетудi жетiлдiру жөнiндегi жергiлiктi мәдениет органдарымен өзара iс-қимыл жасау, материалдық-техникалық базаны нығайту, кинообъектiлердi жекешелендiру және мемлекет иелiгiнен алу мәселелерiн шешуге қатысу;
      кино, бейнефильмдер шығару, оларды Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде тарату үшiн ұйымдық, өндiрiстiк және экономикалық жағдайлар жасау, кино, бейне шығармалардың жоғары кәсiби және көркемдiк дәрежесiн қамтамасыз ету;
      жасалатын кино, бейнефильмдерде егемендi мемлекет ретiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және қоғамдық өмiрiн терең және жан-жақты көрсету, рухани прогресс пен ұлтаралық қатынастардың үйлесiмдiлiгiне, қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл ретiнде қолданылу шеңберiн кеңейтуге. Қазақстан халықтарының ұлттық бiрегейлiгiн сақтап қалуға және мәдениеттерiн дамытуға жәрдемдесу, жалпы адамзаттық құндылықтарды бағдар ету;
      кинорепертуар саясатын қалыптастыру, ұлттық кинематографияны насихаттау;
      кино саласында техникалық саясат жүргiзу, ғылыми-техникалық әлеуеттi дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
      кинематографияны дамытудың басым бағыттары бойынша халықаралық ынтымақтастықты үйлестiру;
      республика кинематографиясы органдарының қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз етудi жетiлдiру болып табылады.
      5. "Қазақкино" мемкомпаниясы негiзгi мiндеттерiне сәйкес:
      ойындық, балаларға арналған, деректi-құжатты, ғылыми-көпшiлiк және мультипликациялық фильмдер шығаруға әлеуметтiк-шығармашылық тапсырыстарды қалыптастырады және кино, бейне студияларға конкурстiк негiзде бередi;
      кино, бейне шығармалар тiзiлiмiн жасайды, кино, бейне шығармаларды меншiк түрiне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында прокаттау құқығының мемлекеттiк рұқсат куәлiктерiн бередi, кино, бейне ойын-сауық кәсiпорындарының жұмысына бақылау мен инспекцияны жүзеге асырады;
      экранда порнографияны, зорлық-зомбылық пен қатыгездiк жасауды насихаттауға баға беру мақсатында сараптама комиссияларын құрады;
      кино, бейне кәсiпорындарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiрудi жүзеге асырады, кино нарығының конъюнктурасын зерттейдi, кино, бейне ұйымдарының халыққа көрсететiн қызметiн кеңейтуге жәрдемдеседi;
      киноқондырғыларды және басқа кино, бейне ойын-сауық кәсiпорындарын пайдаланудың бiрыңғай техникалық нормалары мен ережелерiн әзiрлейдi, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан олардың орындалуын бақылайды;
      киноөндiрiсi мен киноторабының қажеттерiне сәйкес кинематография мамандықтарының кадрларын даярлауға қатысады;
      халықтың ұлттық рухани байлығы мен оның мәдени мұрасының бөлiгi ретiнде киноөнерi туындыларының қорын iрiктеу, жинақтау және сақтау жөнiндегi мемлекеттiк функцияны жүзеге асырады;
      халықаралық байланыстарда ұлттық кинематографияның мүдделерiн бiлдiредi, кинофестивальдер, кинопремьералар, кино Күндерiн, кино нарықтарын өткiзедi;
      кинематографияны экономикалық және әлеуметтiк дамытудың бағдарламаларын әзiрлейдi және жүзеге асырады, нысаналы кинобағдарламалар мен жобаларға бөлiнетiн республикалық бюджет қаражатын бөледi, олардың ұтымды пайдалануын бақылайды;
      кинематографияны дамыту жөнiндегi инвестициялық саясатты жүргiзуге қатысады, мемлекеттiк жаңа, соның iшiнде шетелдiк әрiптестердiң қатысуымен қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсiпорындар құрады;
      кинематографиядағы қызметтiң барлық түрлерiн құқықтық реттеудiң негiздерiн әзiрлеуге қатысады, авторлық құқықты және киноөнерi шығармаларына меншiк құқықтарын, кинобiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың, кинематография қызметкерлерi мен кинокөрермендерiнiң мүдделерiн қорғауға жәрдемдеседi;
      негiзгi мақсаттар мен мiндеттердi орындауға, киноматографияның материалдық-техникалық базасын дамытуға мүмкiндiк беретiн басқа да қызметтi жүзеге асырады.

           III. "Қазақкино" мемкомпаниясының мүлкi мен қоры

      6. "Қазақкино" мемкомпаниясының мүлкi мен қорын негiзгi және айналымдағы қаржылар, бағасы оның дербес балансында көрсетiлген басқа да құндылықтар, сондай-ақ компанияға жататын кинодағы авторлық құқықпен қорғалатын интеллектуальдық меншiк құрайды.
      7. "Қазақкино" мемкомпаниясы белгiленген тәртiп бойынша бухгалтерлiк есеп жүргiзедi, статистикалық есептiлiк жасайды және тапсырады, есептер мен баланстың нақтылығын қамтамасыз етедi.
      8. "Қазақкино" мемкомпаниясы ведомстволық бағыныстағы кинематографияның мемлекеттiк ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметiн талдайды және бақылайды.
      9. Еңбекке ақы төлеудiң нысандарын, жүйелерi мен мөлшерлерiн, сондай-ақ сала бiрлестiктерiнiң, кәсiпорындары мен ұйымдары қызметкерлерi табысының басқа түрлерiн олар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгiлейдi.

              IV. "Қазақкино" мемкомпаниясын басқару

      10. "Қазақкино" мемкомпаниясын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын төраға басқарады.
      "Қазақкино" мемкомпаниясы төрағасының, төрағаның ұсынуымен, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрi тағайындайтын орынбасары болады.
      "Қазақкино" мемкомпаниясына жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi жүзеге асырады.
      11."Қазақкино" мемкомпаниясының төрағасы компанияның қызметiн басқарады, оған жүктелген мiндеттер мен қызметтердiң орындалуына тiкелей жауап бередi, төраға орынбасарының, құрылымдық бөлiмшелердiң басшыларының, сондай-ақ оның құрамына кiретiн кәсiпорындардың, ұйымдардың басшыларының жауапкершiлiгi деңгейiн белгiлейдi.
      "Қазақкино" мемкомпаниясының төрағасы өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады, олардың орындалуын тексередi; Қазақстан Республикасының Мәдениет министрiнiң, облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiнің келiсiмi бойынша "Қазақкино" мемкомпаниясының құрамына кiретiн кинематография кәсiпорындары мен ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      бекiтiлген штаттар құрылымы шегiнде қызметкерлердi жалдауды және босатуды, шарттық негiзде уақытша еңбек ұжымдарын қалыптастыруды дербес жүзеге асырады.
      12. Барлық жанрдағы кино, бейнефильмдердiң таңдаулы жобаларын iрiктеп алу үшiн "Қазақкино" мемкомпаниясының жанынан кинематографияның жетекшi шығармашылық қызметкерлерi мен көрнектi мәдениет қайраткерлерi арасынан конкурс комиссиясы құрылады.

               V. "Қазақкино" мемкомпаниясын қайта
                      ұйымдастыру және тарату

      13. "Қазақкино" мемкомпаниясын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады