Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 мамырдағы N 627 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 21 маусымдағы N 767

      Бюджеттiк ұйымдардың Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына төлейтiн сақтандыру жарналары жөнiндегi берешегiн өтеудi тездету, балалы отбасыларына жәрдемақы төлеуге жұмсалған шығындардың орнын толтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Бюджеттiк ұйымдардың Зейнетақы қоры алдындағы берешегiн өтеу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 мамырдағы N 627 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылдың 30 маусымына дейiн жоғарыда көрсетiлген процентсiз бюджеттiк несие сомасынан 2-қосымшада көзделген 1600 млн. теңгенi Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне аударсын;
      Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi бюджеттiк ұйымдардың Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын төлеу және балалы отбасыларына жәрдемақы төлеуге жұмсалған шығындардың орнын толтыру жөнiндегi берешегiн өтеу жөнiнде облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiмен өзара есептеме жүргiзсiн".
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады