"Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 26 маусымдағы N 804

      Орталық жүйке жүйелерi зақымданған балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетудiң сапасын жақсарту, аталған кемiстiгi бар балалар үшiн қалпына келтiру емдеу қызметiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау министрлiгi "Балбұлақ" балалар санаторийiнiң базасында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне 1996 жылғы республикалық бюджет бойынша оның ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау мекемелерiн ұстауға арнап көзделген қаражат шегiнде 75 төсектiк неврологиялық бейiмдегi "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығын құрсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады