Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 28 маусым N 828. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.26. N 1597 қаулысымен. ~P001597

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 16 қарашадағы N 1545 қаулысына:
      қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi туралы";
      1, 2-тармақтардағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiне", "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiне", "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң Жарғысындағы:
      Жарғының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң Жарғысы";
      1-тармақ "Үкiметiнiң Аппараты" деген сөздерден кейiн "Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты бiрлестiкке қатысты меншiк иесi және мемлекеттiк басқару органы мiндетiн орындайды, оның құрылтайшысы болады. Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктi пайдаланудан түскен пайданың бiр бөлiгiн алу құқығын жүзеге асырған жағдайда бiрлестiктiң пайданы бөлу нормативiн бекiтедi, меншiк иесiнiң келiсiмiн талап ететiн мүлiкке иелiк етуге рұқсат бередi, жыл сайын жалақы қорының мөлшерiн белгiлейдi, бiрлестiк басшысының, басшының орынбасарының, бас бухгалтердiң лауазымдық жалақыларын, сондай-ақ оларға берiлетiн сыйлықақы төлеу мен өзге де сыйақылар жүйесiн айқындайды";
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Бiрлестiктiң негiзгi тапсырыс берушiлердiң қызметiн қамтамасыз етуге байланысты мiндеттерiн жүзеге асыру жөнiндегi өзара қарым-қатынасы негiзгi және айналым қорларын пайдалану мен олардың қызмет сапасының қажеттi деңгейiне кепiлдiк беретiн шарттармен регламенттеледi";
      12-тармақ "негiзгi тапсырыс берушiлердiң мүдделерiне нұқсан келтiрмей" деген сөздермен толықтырылсын.
      14-тармақтағы "өкiлеттi орган берген" деген сөздер "өкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақтың үшiншi абзацындағы "оларға өзiнiң өндiрiстiк және ақшалай қаржысын салуға" деген сөздер "акционерлендiру мен жекешелендiру процестерiне қатысуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      18-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
      "18. Бiрлестiк өкiлеттi органның келiсiмiнсiз физикалық және моральдық жағынан ескiрген негiзгi құралдарды (50% астам тозған) айлық есептiк көрсеткiштiң 1000 есе шамасына дейiнгi құнында сатуға құқылы";
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Басшы бiрлестiк қызметкерлерi үшiн еңбек ақы төлеудiң нысаны мен жүйелерiн, үстеме ақы мен қосымша ақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру мен өзге де сыйақылар жүйесiн, сондай-ақ құрылымды және штатты белгiленген жалақы шеңберiнде, түрлi санаттағы мамандардың арақатынасын ескермей дербес айқындайды";
      21-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Өкiлеттi орган бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша, өкiлеттi органның iс-әрекетiнен туындаған банкроттық жағдайларды қоспағанда, жауап бермейдi. Өкiлеттi орган мұндай жағдайларда кредитордың талаптарын қанағаттандыру үшiн соңғысының қаражаты жетiспеген жағдайда бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бередi";
      22-тармақтың бiрiншi абзацында "Аппаратының" деген сөздiң орнына "Аппараты басшысының" деген сөздер жазылсын;
      26-тармақтағы "бас инженер, бас бухгалтер, бас экономист, бас маман-заңгер" деген сөздер алынып тасталсын;
      33-тармақ "және басқа да құзыретті органдармен" деген сөздермен толықтырылсын;
      35-тармақтағы соңғы сөйлем алынып тасталсын;
      40-тармақ алынып тасталсын;
      41-тармақтағы бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бiрлестiк қызметкерлерiнiң лауазымды жалақылары "Қазақстан Республикасы экономикасы салалары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 31 P960031_ қаулысына сәйкес белгiленедi".
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 672 P960672_ қаулысына:
      қаулының тақырыбы мен мәтiнiндегi "Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады