1. Қазақтың әлеуметтiк дамуға кредит беретiн акционерлiк коммерциялық банкiнiң 1,672 млрд. теңге сомасындағы берешектерiн қайтару туралы заңды құқықтық талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi он күн мерзiм iшiнде акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен Қазкредәлеуметбанкiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары-борышқорларының мүлкiн саудаластықта сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берудi iске асырсын.
2. Сатылатын акциялардың мемлекеттiк пакетi мен Қазкредәлеуметбанкiнiң мемлекеттiк кәсiпорынды-борышқорларының мүлкiнiң құны саудаластықта айқындалатын болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi акцияларының мемлекеттiк пакетi кәсiпорындар-борышқорлар мүлкiн Қазкредәлеуметбанкiнiң алдындағы тиiстi кәсiпорындардың берешектерiн бiрiншi кезекте өтеудi мiндеттi шарт ретiнде көздей отырып қойсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi