1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне инвестициялық тендерде сату үшiн "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлiк қоғамы акцияларының оның жарғылық қорының 90 процентi мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетiн берсiн.
Маңғыстау облысының әкiмiмен бiрлесе отырып, бiр апта мерзiм iшiнде "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлiк қоғамының облыс әкiмiнiң балансына берiлуге тиiстi әлеуметтiк сала объектiлерiнiң тiзбесiн айқындасын және бiр ай мерзiм iшiнде олардың өткiзу сәтiндегi жай-күйiнде берiлуiн жүзеге асыратын болсын.
Маңғыстау облысының әкiмi қабылданатын әлеуметтiк сала мекемелерiнiң жүйесiн оңтайландыруды ескере отырып, осы мекемелердi жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру мәселесiн шешетiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi мамандарының қатысуымен "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлiк қоғамы акцияларының оның жарғылық қорының 90 процентi мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес инвестициялық тендерде сататын болсын.
3. "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлiк қоғамының "Қаламқас" мұнай
газ өндiру басқармасын жекешелендiру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 маусымдағы N 728 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г. Штойкке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi