Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы N 835 Қаулысы. Күші жойылды - Қзақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-бап) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Осы қаулыға 1-қосымшада аталған мемлекеттiк органдар лицензия беруде жекелеген аймақтарда белгiлi бiр қызметтер мен тауарлар өндiрушiлерiнiң монополиялық жағдайына жол бермей және өндiрiстiк қуаттардың орынсыз ыдыратылуын шектей отырып, республикалық нарықтың қалыптасуына белсендi ықпал жасайтын болсын".
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жоғарыда аталған қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтандыру пункттерiнiң қызметi, май құю стансаларын ұстау мен пайдалану, лотереялар (мемлекеттерден басқасы,), тотализаторлар мен казинолар ұйымдастыру мен өткiзу қызметтiң лицензиялауға жататын түрлерi болып табылатындығы назарға алынсын.
      3. Ескерту. 3-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.08.13.
                  N 1007 қаулысымен. P961007_
 

     4. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi арақ-шарап өнiмдерi мен спирт шығаруға берiлген лицензияларға түгендеу жүргiзсiн.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г.Штойкке жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады