Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 маусымдағы N 876 қаулысына өзгертулер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн күшi жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 шiлдедегі N 851 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 11 наурыздағы N 2895 Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996, N 12, 86-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi:

      1. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң орынбасары

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 8 шiлдедегi
N 851 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI

      1. "Қазақ ССР Ғылым академиясының Уставы туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1977 жылғы 6 желтоқсандағы N 548 қаулысы (Қаз. ССР-нiң ҚЖ, 1978 ж., N 1, 3-бап).

      2. "Қазақ ССР Ғылым академиясының Уставына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1980 жылғы 26 мамырдағы N 217 қаулысы (Қаз. ССР-нiң ҚЖ, 1980 ж., N 11, 34-бап).

      3. "Қазақ ССР Ғылым академиясының Уставына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1989 жылғы 2 наурыздағы N 80 қаулысы (Қаз. ССР-нiң ҚЖ, 1989 ж., N 9, 39-бап).

      4. "Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының құқығын кеңейту туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 5 маусымдағы N 352 қаулысы.

      5. Қазақ ССР Премьер-Министрiнiң 1991 жылғы 11 қазандағы N 164 өкiмi.

      6. "Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академиктер және мүше-корреспонденттер саны туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 31 қазандағы N 657 қаулысы.

      7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен қазақ ауыл шаруашылық ғылыми академиясының толық мүшесi және корреспондент-мүшесi атақтары үшiн төленетiн ақының мөлшерiн көбейту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 сәуiрдегi N 276 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 11, 138-бап).

      8. "Мемлекеттiк ғылыми стипендиялар туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 24 маусымдағы N 717 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 27, 293-бап).

      9."Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы орталық аппаратының қызметкерлерi мен Төралқасының санын ұлғайту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 сәуiрдегi N 462 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады