1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр апталық мерзiмде "Биназар" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн заңмен белгiленген тәртiппен сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi тендер шарттарын орындау жөнiнде өздерiне мiндеттеме алған қатынасушылар арасында "Биназар" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сату жөнiнде жабық тендер ұйымдастырсын және
өткiзсiн. Тендер шарттарына төтенше жағдайлар жағдайында халық үшiн және жалпы мемлекеттiк шараларды жүргiзу үшiн бiрiншi қажеттiлiктегi заттардың кемiмейтiн қорларын сақтау мен толықтыру жөнiндегi мiндеттемелер енгiзiлуге тиiс. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары