Республикалық судан құтқару қызметi орталығын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 11 шiлде N 890

      "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 U952541_ Жарлығына сәйкес және азаматтардың су айдындарындағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасы судан құтқару қоғамының құрамынан мемлекеттiк судан құтқару қызметi бөлiнiп шығарылсын және оның базасында мемлекеттiк мекеме - Республикалық судан құтқару қызметi орталығы (Суқұтқару орталығы) құрылсын.
      2. Республикалық судан құтқару қызметi орталығы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң ведомстволық бағынысындағы ұйымы болып есептелсiн.
      Республикалық судан құтқару қызметi орталығы өз қызметiн Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жүктеген өкілеттiк шегiнде жүзеге асырады және жедел басқару құқығында мемлекеттiк мүлiкке ие болады.
      3. Республикалық судан құтқару қызметi орталығы жүйесiне судан құтқару қызметi (облыстық және қалалық), олардың бағынысындағы кәсiпорындар мен ұйымдар кiредi.
      Республикалық судан құтқару қызметi орталығы қызметкерлерiнiң саны 12 адам болып белгiленсiн және соған сәйкес "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1820 P951820_ қаулысында көзделген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның бағынысындағы ұйымдардың аймақтық органдары қызметкерлерiнiң штаттық санына енгiзiлсiн (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 39, 501-бап).
      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Республика судан құтқару қоғамынан ведомстволық бағынысындағы ұйымдарды, штат санын, жалақы қорын, қызметтiк үй-жайларды, көлiк құралдарын және мемлекеттiк судан құтқару қызметiне қатысты өзге де мүлiктердi қабылдап алсын.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстанның судан құтқару қызметiнiң мемлекеттiк мүлкiн жедел басқару құқығын берсiн, Республикалық судан құтқару қызметi орталығын орналастыру мәселелерiн шешсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Республикалық судан құтқару қызметi орталығының шығыстарын қаржыландыруды 1996 жылдың республикалық бюджетiнде адамдарды судан құтқару жөнiндегi шараларға арналып көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi арқылы жүзеге асырсын.
      Республикалық судан құтқару қызметi орталығын ұстауға арналған шығыстарды жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырудың қолданылып жүрген тәртiбi сақталсын.
      7. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiмде Республикалық судан құтқару қызметi туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.
      8. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi қолда бар штат

пен жалақы қорының шегiнде жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен
судан құтқару қызметiн құрсын, сондай-ақ қалалар мен аудан
орталықтарында судан құтқару қызметi қызметкерлерiнiң штаттық
лауазымдарын енгiзсiн.
     9. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1971 жылғы 6 тамыздағы N 690
өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
          орынбасары 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады