Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын
тауарларға және құмар ойындар бизнесiне арналған акциздердiң
ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995
жылғы 14 шiлдедегi N 974 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1995 ж., N 24, 281-бап) қосымшасына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
"Жанар май" жолы бойынша "5" саны "8" санымен алмастырылсын.
2. Осы қаулы 1996 жылғы 15 шiлдеден бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары