1. Алматы қаласы Алмалы ауданының Төле би, Наурызбай батыр көшелерiнiң 114 кварталындағы 30 пәтерлiк тұрғын үйдiң құрылысын аяқтау жөнiндегi тапсырысшы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Шаруашылық басқармасы болып белгiленсiн.
Осы объектiнi пайдалануға беру мерзiмi 1996 жылдың желтоқсаны деп белгiленсiн. 2. Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң Шаруашылық басқармасы бiр апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасына аталған объект бойынша жобалау-сметалық және басқа құжаттаманы берсiн. 3. Жоғарыда аталған объектiнiң құрылысын аяқтау жөнiндегi бас мердiгерiнiң функциясы "Алым" акционерлiк қоғамында қалдырылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары