Баға түзудегi бағаның өсуi мен мониторинг белгiлеудiң негiздiлiгiне бақылау жасауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 17 шiлдедегі N 910 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Баға түзудегi бағаның өсуi мен мониторинг белгiлеудiң негiздiлiгiне талдау және бақылау жасауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мәлiметтер жинау мен өңдеу жөнiндегi:
      монополиялы өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) баға белгiлеу туралы;
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттiк аталымды тiркелiмiне - табиғи монополистер мен Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген мемлекеттiк органдар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - монополистер өндiретiн тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жұмсалған шығындар құрамы туралы жұмыстарды Статистикалық жұмыстар регламентiне енгiзсiн;
      2. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      1996 жылдың 1 тамызына дейiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - монополистер, сондай-ақ баға деңгейi мен шығындардың өзгеруiн байқау қажет олар өндiретiн тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) тiзбесiн айқындасын;
      алдағы жылға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экономикалық саясат жөнiндегi Мәлiмдемесiн әзiрлеу үшiн жыл сайын 10 желтоқсанға дейiн кәсiпорындар - табиғи монополистер өнiмдерiнiң бағасын өзгертудiң болжамды индекстерiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне ұсынсын;
      Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп тоқсан сайын монополиялы өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) белгiленген баға өткiзiлген мониторинг негiзiнде монополиялық рыноктардағы бағаның өзгергенi жөнiндегi талдамалық баға мәлiметтерiн Үкiметке ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылға арналған бюджет әзiрлеген кезде:
      Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне кәсiпорындар-монополистердiң нақты шығындарына бақылау жасауды күшейту үшiн 35 адам;
      Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне монополиялы өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) белгiленген бағалар мен шығындар туралы мәлiметтер жинау жөнiндегi жұмыстарды орындауға штат санын көбейту және тиiстi қаражаттар бөлу жөнiндегi мәселелердi қарасын.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады