Пайдаланылған табиғи газ үшiн өзара есеп айырысу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 19 шiлде N 917

      "1994 жылғы бiрiншi тоқсанда Өзбекстаннан алынған, пайдаланылған табиғи газ үшiн есеп айырысу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 қарашадағы N 1290 P941290_ қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. 1994 жылғы бiрiншi тоқсанда Өзбекстан Республикасынан сатып алынған табиғи газ үшiн мемлекеттiк қарыз деп танылған 60 (алпыс) млн. АҚШ долларын өтеу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң ұсынысы мыналардың есебiнен қабылдансын.
      36530000 АҚШ доллары - 1994 жылы Өзбекстаннан Қазақстан аумағы
                             бойынша транзиттiк жүк тасымалы үшiн

      10421001 АҚШ доллары - 1995 жылы Өзбекстаннан Қазақстан аумағы
                             бойынша транзиттiк жүк тасымалы үшiн

      13048999 Ақш доллары - Ресей Федерациясы қатынас жолдары
                             министрлiгi. "Өзбек темiр жол"
                             мемлекеттiк акционерлiк темiржол
                             компаниясының және Батыс Қазақстан
                             темiр жол басқармасы арасындағы
                             1995 жылғы 18 шiлдедегi жүк және
                             жолаушылар тасымалы үшiн қарызды өтеу
                             жөнiндегi есептеу жүргiзу туралы
                             Келiсiмге сәйкес есептелген
                             20 (жиырма) млн. АҚШ долларынан.

      2. "Алаугаз" акционерлiк қоғамы 1996 жыл iшiнде Батыс Қазақстан темiр жол басқармасы алдындағы 6951001 (алты миллион тоғыз жүз елу бiр мың бiр) АҚШ доллары мөлшерiндегi берешектiң қалған сомасын өтесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан

Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi темiр жолдарының
тасымалдан табиғи газ үшiн қарызын төлеу есебiнен 60 (алпыс) млн.
АҚШ доллары сомасындағы 1996-1997 жылдар iшiнде жолаушылар
вагондарын сатып алу үшiн тартылған, 1994-1995 жылдардағы бұрын
аударылған сомаларды қосымшаға сәйкес схема бойынша ескере отырып,
Германия кредитiн өтеу арқылы жоғалтқан кiрiстерiне өтем жасасын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
         орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы "19" шiлдедегi
                                            N 917 қаулысына
                                              қосымша

       "Қазтемiржолжабдықтау" мемлекеттiк коммерциялық кәсiпорнының
       жолаушылар вагонын сатып алу үшiн Германиядан алған несиесiн
       (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазақстан
        Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiндегi
        тасымалдаудан түскен кiрiстер шығынын табиғи газға
        байланысты қарыздар есебiнен төлеуi) өтеу
                          СЫЗБАСЫ 

____________________________________________________________________
   Атауы       і Транзиттiк жүктердi Өзбекстаннан мемлекеттiк қарыз
               і деп танылған 60 млн. АҚШ доллары есебiне тасымалдау
____________________________________________________________________
               і              Ә к е л i н г е н i
               ____________________________________________________
               і                і
 Көлiк және    і     Барлығы    і        Оның   iшiнде
 коммуникация  і                і__________________________________
 министрлiгi   і                і     1994 жыл    і     1995 жыл
               ____________________________________________________
               і                і                 і
               і    60000000    і     36530000    і  23470000
____________________________________________________________________
 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Қазтемiржолжабдықтау"
 мемлекеттiк коммерциялық кәсiпорны үшiн Германиядан алынған
 несиенiң өтелуi
____________________________________________________________________
             Ө т е л г е н i           і     Өтеуге   жатқызылғаны
____________________________________________________________________
     Барлығы  і      Оның  iшiнде      і      1996-1997 жылдар
_______________________________________і           Барлығы
              і 1994 жыл  і 1995 жыл   і
              ____________________________________________________
   23015169   і   2912277 і  20102892  і         36984831
____________________________________________________________________
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады