Ғылыми-техникалық саладағы мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру бойынша ұйымдастыру шаралары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 23 шiлде N 923. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.10.03. N 1410 қаулысымен. ~P971410

      "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56 P960056_ қаулысын орындау үшiн және ғылыми-техникалық саладағы мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы

етедi:
     1. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанынан Ғылыми-техникалық сала
объектiлерiн жекешелендiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия
құрылсын.
     2. Ғылыми-техникалық сала объектiлерiн жекешелендiру жөнiндегi
ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
           орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 23 шiлдедегi
                                           N 923 қаулысына
                                            Қосымша

            Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы
    Ғылыми-техникалық сала объектiлерiн жекешелендiру жөнiндегi
                   ведомствоаралық комиссияның
                           ҚҰРАМЫ

     Дүйсенов Д.Т.    - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
                        орынбасары, комиссия төрағасы
<*>


     Школьник В.С.    - Қазақстан Республикасының Ғылым министрi -
                        Ғылым академиясының президентi, комиссия
                        төрағасының орынбасары

     Алшымбаева Р.Т.  - Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттiк
                        ведомствосы төрағасының орынбасары

     Грибановский А.П.- Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары
                        академиясының академигi

     Дуберман Ю.Е.    - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
                        жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының
                        орынбасары

     Қиынов Л.Қ.      - Мұнай және газ өнеркәсiбi министрiнiң
                        орынбасары

     Бахмутова Е.Л.   - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
                        Әлеуметтiк сала департаментiнiң бастығы
<*>


     Коротовский В.Г. - Қазақстан Республикасы Геология және жер
                        қойнауын қорғау министрлiгi
                        құқықтық-нормативтiк секторының меңгерушiсi

     Құлжанов М.К.    - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                        министрiнiң орынбасары

     Құсайынов А.Қ.   - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi
                        жоғары бiлiм және ғылым бас басқармасы
                        бастығының орынбасары
<*>


     Могильный В.В    - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi -
                        Ғылым академиясының Болжамдау және
                        ғылыми-техникалық бағдарламалар бас
                        басқармасының бастығы

     Нұрғалиева Е.Н.  - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң
                        орынбасары

     Мұхаметжанов С.Н.- Қазақстан Республикасы Көлiк және
                        коммуникациялар министрiнiң орынбасары
<*>


     Тастанбеков А.Т. - Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй
                        және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң
                        Ғылым, сыртқы байланыстар, техникалық нормалау
                        және инвестиция бас басқармасының бастығы

     Тиесов С.А.      - Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр
                        өнеркәсiбi министрiнiң бiрiншi орынбасары

     Төлебаев А.Қ.    - Қазақстан Республикасы Ғылым министрi -
                        Ғылым академиясы президентiнiң орынбасары

     Шығаев М.Н.      - Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң
                        технологиялық дамудың ақпарат жүйелерi мен
                        экономикасын дамыту басқармасының бастығы

     Шоқпытов А.М.    - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi
                        басқару жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi
                        төрағасының бiрiншi орынбасары
     ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.01.07.
              N 12 қаулысымен.  

P970012_

 
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 23 шiлдедегi
                                           N 923 қаулысына
                                            Бекiтiлген

            Ғылыми-техникалық сала объектiлерiн жекешелендiру
               жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы
                             ЕРЕЖЕ



      1. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Ғылыми-техникалық сала объектiлерiн жекешелендiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан былай - Комиссия) өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
      2. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетiн қайта құрылымдау және жекешелендiру негiзiнде оны сақтау және нығайту Комиссияның негiзгi мiндетi болып табылады.
      3. Комиссия мынадай мiндеттердi атқарады:
      жыл сайын жекешелендiруге жататын ғылыми-техникалық сала объектiлерiнiң тiзбесi бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      объектiлердi жекешелендiру жөнiндегi мәселелердi қарайды.
      4. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және өзге де орталық атқарушы органдар жыл сайын 1 тамызға дейiн ведомстволық бағыныстағы ғылыми ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып жекешелендiруге жататын, оның iшiнде:
      тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн, ал жекешелендiрiлуi алдын ала акционерлендiрiлу арқылы жеке жобалар бойынша жүзеге асырылатын аса iрi және бiрегей объектiлердiң;
      жекешелендiрiлуi алдын ала шаруашылық серiктестiктер құру арқылы жүзеге асырылатын жай объектiлердiң;
      мүлiк кешендерiн сату жолымен жекешелендiруге жататын олардың тiзбесiн Комиссияға ұсынады.
      5. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және өзге де орталық атқарушы органдар ұсынған материалдарды қарау қорытындылары бойынша Комиссия ғылыми-техникалық сала объектiлерiн жекешелендiру мерзiмдерi, шарттары мен құны жөнiнде ұсыныстар енгiзедi және оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң бекiтуiне бередi.
      6. Комиссия мәжiлiстерi қажетiне қарай жылына кем дегенде екi рет өткiзiледi. Егер оның мәжiлiстерiне Комиссия мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса, Комиссия шешiмi күшiнде болады. Комиссия шешiмдерi Комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
      7. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының аппараты Комиссияның жұмыс аппаратының мiндеттерiн атқарады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады