Аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджет есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру тәртiбi туралы үлгi ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 24 шiлде N 925. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.02.25. N 141 қаулысымен. ~P980141

      Жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджет есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған үлгi ереже бекiтiлсiн.
      2. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджет есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру тәртiбi туралы үлгi ережеге сәйкес 1996 жылғы 1 тамыздан бастап аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру тәртiбiн әзiрлеп, жүзеге асыруға ұсыным тапсырылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрiнiң

          орынбасары



                                       Қазақстан Республикасы



                                       Үкiметiнiң 1996 жылғы

                                       "24" шiлдедегi N 925

                                            қаулысымен

                                            бекiтiлген



 
 
           Аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджет
          есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi)
          мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру тәртiбi туралы
                              ҮЛГI ЕРЕЖЕ
 
      Осы үлгi ереже жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды жүргiзудiң тәртiптерi мен шарттарын белгiлейдi.
 
               I. Жалпы ережелер
 
      1. Мемлекеттiк аймақтық сатып алулар -өнiм берушiлерден контракт негiзiнде мемлекеттiк тапсырыс берушiлер атынан тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жергiлiктi басқару органының тұтыну нысаны болып табылады.
      2. Мемлекеттiк сатып алулар келiсiлген мерзiмде талап ететiн сапада ең төменгi баға бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алуға мүмкiндiк беретiн конкурстық негiзде жүзеге асырылады және:
      аймақтық және аймақаралық бағдарламаларды жүзеге асыруға;
      жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, әлеуметтiк қамсыздандыруды, мәдениеттi, жерге орналастыруды және аймақтың басқа қызмет салаларын, мемлекеттiк өкiмет органының қызметiн қамтамасыз етуге;
      жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын аймақтық маңызы бар коммуникацияларды ұстауға және дамытуға;
      республикалық бюджеттен қаржыландыратын шаралардан басқа, табиғи апаттардың және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою резервтерiн құруға және дамытуға;
      3. Жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен қаржыландырылатын облыстық, аудандық және өзге ұйымдар мемлекеттiк тапсырыс берушiлер болып табылады.
      Олардың өнiмдердi (тауарларды) сатып алу жөнiндегi өздерiнiң өкiлеттiгiн тапсырыс берушiлерге беруге құқы бар, оны құрылымдық бөлiмшелерi, сондай-ақ Қазақстанның жеке заңдық тұлғалары атқара алады.
      4. Мемлекеттiк сатып алулар бойынша берiлетiн өнiмдер (тауарлар) мемлекеттiк стандарттарға, техникалық шарттарға, мемлекеттiк тапсырыс берушiлер қоятын басқа да талаптар мен айрықша шарттарға сәйкес келуге тиiс.
      5. Өнiм берушiлер мемлекеттiк сатып алулар бойынша контрактiлердi орындау үшiн оларға қажеттi материалдық-техникалық ресурстарды өз бетiнше сатып алады.
 
             2. Мемлекеттiк сатып алуларды қалыптастыру
      6. Мемлекеттiк тапсырыс берушiлер тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алудың құрылымы мен көлемдерiн алдын ала қалыптастыруды жүзеге асырады және облыстық қаржы басқармасы белгiлеген нысан бойынша осы мақсаттарға арналған бюджеттiк тапсырыс жобаларын белгiленген мерзiмде облыстық (қалалық) қаржы басқармасына және облыстық (қалалық) экономика басқармасына ұсынады.
      7. Облыстық (қалалық) экономика басқармасы және облыстық (қалалық) қаржы басқармасы мемлекеттiк тапсырыс берушiлер берген бюджеттiк тапсырыстар негiзiнде және аймақтық әлеуметтiк-экономикалық дамудың болжамдары мен жергiлiктi бюджет тұрғысынан келiп, тиiстi бағыттар бойынша көрсетiлген тапсырыстарды бюджеттiк сомалар жобасымен үйлесiмдi болуын жүзеге асырады.
      8. Жергiлiктi бюджет бекiтiлгеннен кейiн мемлекеттiк тапсырыс берушiлер бөлiнген қаржы қаражаттарына сәйкес мемлекеттiк сатып алулардың құрылымы мен көлемдерiн түпкiлiктi қалыптастыруды жүзеге асырады.
      9. Облыстық (қалалық) экономика басқармасы және облыстық (қалалық) қаржы басқармасы мемлекеттiк сатып алулардың көлемi мен құрылымын толық құрғаннан кейiн, олар бойынша бiрыңғай көтерме сатуларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк тапсырыс берушiлердiң көптеген саны сатып алатын жалпы мақсаттағы өнiмнiң тiзбесiн анықтайды.
 
          3. Мемлекеттiк сатып алуларды орналастыру тәртiбi
 
      10. Аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджет қаржы есебiнен жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар, әдетте, бәсекелестiк рәсiмдердi қолдана отырып жүзеге асырылады.
      Жалпы мақсаттағы өнiмдер бойынша, оның тiзбесiн облыстық (қалалық) экономика басқармасы мен қаржы басқармасы бекiтедi, мемлекеттiк сатып алулар облыстық (қалалық) конкурстық комиссияның ұйымдастыруымен, облыстың (қаланың) әкiмi бекiтетiн бәсекелестiк рәсiмдердi қолдана отырып жүзеге асырылады.
      Облыстық (қалалық) конкурстық комиссия мемлекеттiк сатып алулар өткiзуге ниеттенетiнi туралы хабарлайды, тапсырыстың талабы мен шартын қалыптастырады, олар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен және ұсыныстарды конкурстық мүмкiн болатын қатысушыларына жiберу арқылы өнiм берушiлерге хабарланады.
      11. Конкурстар ашық өткiзiлуге тиiс және оған кем дегенде үш қатысушы қатысқан болса, өткiзiлген болып саналады. Ашық және салауатты бәсекенi қалыптастырудың негiзгi тетiгi конкурстық барысын және сатып алуларды кеңiнен құлақдар етудi тұрақты жариялап отыру болып табылады.
      12. Конкурсқа қатысу үшiн, өнiм берушiлер облыстық (қалалық) экономика басқармасына конкурстың шарттары бойынша талап етiлетiн ақпарат тiркелген оферта тапсырады. Комиссия оферталарды тапсыру мерзiмi өтiсiмен конкурсқа қатысушылардың ақырғы құрамын анықтайды және оларды конкурсқа қатысушыларды тарта отырып қарайды.
      13. Өздерiнiң өнiмдерiне арналған бағалар соңғылар ұсынатыннан 20-проценттен аспаған жағдайда, шетелдiк талапшыларға қарағанда республикалық өнiм берушiлерге өзге де тең жағдайлармен бiрге тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жеткiзуге басым мүмкiндiктер берiледi.
      14. Облыстық (қалалық) конкурстық комиссия, конкурстың өлшемдерiнен келiп, жеңiскердi анықтайды, ал мемлекеттiк тапсырыс берушi онымен контракт жасайды.
      15. Конкурстық комиссияның жұмысшы органы нақты сатып алу мәселесiнде бiлiктi кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң қатарынан тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларға әрбiр конкурсты өткiзу үшiн, облыстық конкурс комиссиясының ұсынысы бойынша, облыс (қала) әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiледi. Жұмысшы органының қызмет ету аясына конкурсты ұйымдастыру және жобаның техникалық жағын қамтамасыз ету кiредi.
      16. Контрактiнiң орындалуына бақылауды қажеттi ақпарат алу, өнiм сапасын және оны беру мерзiмдерiн тексеру жолымен мемлекеттiк тапсырыс берушi жүзеге асырады.
      17. Контрактының тоқтатылуы контрактының шарттарына сәйкес мемлекеттiк тапсырыс берушiнiң немесе өнiм берушiнiң бастамасымен жүргiзiлуi мүмкiн.
      18. Мемлекеттiк тапсырыс берушi мен өнiм берушi арасында туындалған дауларды шешу қолданыстағы заңдармен реттеледi.
      19. Жалпы мақсаттағы өнiмдер тiзбесiне енгiзiлмеген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды 10-18-тармақтарға сәйкес бәсекелестiк рәсiмдердi қамтамасыз ете отырып, мемлекеттiк тапсырыс берушiлер өз бетiнше жүзеге асырады.
      20. Мемлекеттiк сатып алулар көлемiнiң ең төменгi деңгейi, бұл жағдайда бәсекелестiк рәсiмдерiн өткiзу мiндеттi болса, онда тиiстi осы кезеңге облыстық (қалалық) бюджеттi бекiту арқылы айқындалады.
 
            4. Мемлекеттiк сатып алуларды қаржыландыру
 
      21. Мемлекеттiк сатып алуларды қаржыландыруды бюджеттiк қаржыларды мақсатты пайдалану жөнiндегi қаржы жоспарына сәйкес мемлекеттiк тапсырыс берушi жүзеге асырады.
      22. Мемлекеттiк сатып алуларды қаржыландыру көздерiне осы мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жұмылдырылатын бюджеттен тыс қорлардың қаржылары жатады.
      23. Тапсырыстарды мемлекеттiк қаржыландыру мен төлеудi мемлекеттiк сатып алулар жөнiндегi контрактыларда көрсетiлген мерзiмдегi тапсырыстар негiзiнде мемлекеттiк тапсырыс берушiлер облыстық (қалалық) қаржы басқармасына ресурстарын бөлу арқылы қарастырылады.
      24. Контрактыны орындау шарттарына байланысты өнiмдерге, әсiресе ауыл шаруашылығы өнiмдерiне төлеу, кезең-кезеңмен немесе аванстық төлем түрiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
      25. Мемлекеттiк сатып алулар ең төменгi конкурстық бағадан аспайтын контрактылық баға бойынша жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттiк сатып алуларға арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаржы ресурстарын облыстық (қалалық) қаржы басқармасы жасалған контрактыларға сәйкес толық көлемде қамтамасыз етедi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады