Сауд Аравиясы Корольдiгiндегi Қазақстан Республикасы елшiлiгiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 6 тамыз N 968

      "Сауд Аравиясы Корольдiгiнде Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн ашу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 13 желтоқсандағы N 2681 U952681_ Жарлығын /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 37, 474-бап/ орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Сауд Аравиясы Корольдiгiндегi Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штаттық саны 18,5 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Сауд Аравиясы Корольдiгiндегi Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң шетел валютасымен лауазымдық жалақысы 2500 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
      Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетел валютасымен алатын жалақысының негiзiнде штаттық кестеге сәйкес белгiленсiн.
      3. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық көмек көрсетуге шетел

валютасымен олардың жалақы қорынан 3 процент мөлшерiнде қаржы аудару
белгiленсiн.
     4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы
министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Сауд Аравиясы Корольдiгiндегi
Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң шығыстар сметасын 1996 жылға
арналған республикалық бюджетте көзделген шет елдердегi жаңа және
жұмыс iстеп жатқан Қазақстан Республикасы елшiлiгiнiң қаржысы
көлемiнде бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады