1. "ДОСААФ" қарауындағы оқу орындарын, үйлердi, ғимараттар мен әскери-техникалық мүлiктердi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 шiлдедегi N 896 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Шаруашылық iсi жөнiндегi алқасына ДОСААФ-тың балансындағы мүлiкке мемлекеттiң құқығын тану туралы талаптық өтiнiш жасасын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi