Шетелдiң заңгерлiк фирмаларын тарту практикасын реттеу және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен бюджеттiк ұйымдарына консультациялық қызметтер көрсету жөнiндегi шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 7 тамыздағы N 982.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен бюджеттiк ұйымдарына құқықтық консультациялық көмек көрсету мәселелерi бойынша шетелдiң заңгерлiк фирмаларымен шарттар /контрактiлер/ жасасу практикасын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi, министрлiктерi және ведомстволары құқықтық консультациялық көмек көрсетуге, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң соттарында немесе өзге органдарында мүдделердi бiлдiруге шетелдiң заңды тұлғаларымен жасасатын барлық шарттар (келісімшарттар) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне алдын ала сараптауға ұсынылуы тиiс деп белгiленсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Жоғарыда аталған шарттарды /контрактiлердi/ жасасу туралы келiссөздердi жүргiзу жөнiндегi делегациялардың құрамына Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң өкiлдерi кiруi тиiс деп айқындалсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады