Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1790 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 12 тамыз N 994. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.18. N 1552 қаулысымен.


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық
комиссиясының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1790 қаулысына мынадай өзгерту
енгiзiлсiн:
     аталған қаулымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Бағалы
қағаздар жөнiндегi  ұлттық  комиссиясының құрылымы" атты қосымшасы
қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда берiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 12 тамыздағы
                                          N 994 қаулысына
                                              қосымша

           Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi
                        ұлттық комиссиясының
                             құрылымы

     Төраға
     Комиссия мүшелерi

                          Атқарушы аппарат

     Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу және бақылау басқармасы
     Бағалы қағаздар нарығы кәсiпқой қатысушыларының қызметiн реттеу
     басқармасы
     Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету басқармасы
     Сараптау талдау басқармасы
     Атқарушы аппараттың жұмысын ұйымдастыру басқармасы
     Төлем жүйесiнiң қызметiн реттеу бөлiмi
     Қаржы бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады