1. "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Заң күшi бар Жарлығының 60-бабы негiзiнде (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 159-бап) 36678 әскери бөлiмнiң Семей облысының аумағындағы және 33738 әскери бөлiмнiң Торғай облысының аумағындағы жалпы көлемi тиiсiнше 4126 және 3798 га жер учаскелерiнiң жерiн пайдалану құқығы тоқтатылсын.
2. Семей және Торғай облыстары әкiмдерiнiң, Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiнiң осы қаулының 1-тармағына сәйкес босатылған жер учаскелерiн елдi мекендердiң жерiне және жер қорына аудару туралы қосымшаға сәйкес ұсыныстары қабылдансын.
3. Семей және Торғай облыстарының әкiмдерi:
белгiленген тәртiп бойынша қайтарылатын жерлерде орналасқан Солнечный (36678 әскери бөлiм) және Степной (33738 әскери бөлiм) әскери қалашықтарды қабылдап алуды қамтамасыз етсiн.
Солнечный және Степной елдi мекендерi шегiндегi жер учаскелерiн жаңа жер пайдаланушыға берудi осы учаскелер аумағында бұзылған жерлердi олардың қалпына келтiрудi жүргiзу шартында жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетi:
Ресей Федерациясының Қорғаныс қажетi үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы пайдаланған (пайдаланудағы) жерлердiң жағдайына тексеру жүргiзуiн және осы тексеру нәтижесi бойынша бұзылған жерлердi қалпына келтiру жөнiндегi жұмыс көлемi мен құнын анықтасын;
мүдделi облыстардың әкiмдерiмен бiрлесiп ластанған жерлердi дизактивациялау және бұзылғаны анықталған жерлердi қалпына келтiру жөнiндегi жұмысты жүргiзудiң орындылығы мен тәртiбiн айқындасын.
5. Шахтадағы ұшыру қондырғысын (ШҰҚ) жою кезiндегi бұзылған
жерлердi қалпына келтiрудi қабылдау Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiнiң ұсынысымен Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын құрамында Қазақстан Республикасының мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi бар мемлекеттiк комиссияға жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 тамыздағы N 1006 қаулысына қосымша Семей және Торғай облыстарының аумақтарындағы 36678 және 33738 әскери бөлiмдердiң бұрын пайдаланған жер учаскелерiн елдi мекендердiң жерлерi мен жер қорының құрамына Көшiру (га) 1. Аумағындағы жер учаскелерiне әскери бөлiмдерге жердi пайдалану құқығы берiлген аудандардың атауы Әскери бөлiмдердiң бұрын пайдаланған жер учаскелерiнiң аумағы 2. Барлығы Соның iшiнде: 3. егiстiк 4. жайылым 5. өзге жерлер Құрамға көшiрiлген жер учаскелерiнiң аумағы елдi мекендердiң жерi 6. Барлығы Соның iшiнде: 7. егiстiк 8. жайылым 9. өзге жерлер Жер қоры 10. Барлығы Соның iшiнде: 11. егiстiк 12. жайылым 13. өзге жерлер _____________________________________________________________________ 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |11 | 12| 13 _____________________________________________________________________ Семей облысы (36678 әскери бөлiмi) Жарма 2215 - - 2215 322 - - 322 1893 - - 1893 Шар 1911 - - 1911 - - - - 1911 - - 1911 Облыс бойынша жиыны 4126 - - 4126 322 - - 322 3804 - - 3804 Торғай облысы (33738 әскери бөлiмi) Амантоғай 253 218 35 - - - - 253 218 35 - Державин 2599 2027 572 440 440 2159 2027 132 - Есiл 868 826 42 - - - - - 868 826 42 - Жаңадала 78 - 78 - - - 78 - 78 Облыс бойынша жиыны 3798 3071 727 - 440 - 440 - 3358 3071 287 -