"Қазақмарганец" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн сату туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 14 тамыздағы N 1008. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы  N 2721  Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, қара металлургияны жедел дамыту мен "Қазақмарганец" акционерлiк қоғамын қайта жаңарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi ұсынған "Қазақмарганец" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн жекешелендiру жоспарына келiсiм берiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қазақмарганец" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн (80 процентiн) сату үшiн қабылдау-өткiзу актi бойынша Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қазақмарганец" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн сату жөнiнде ашық тендер ұйымдастырсын және өткiзсiн. 
      4. Министрлiктер мен ведомстволар, Жезқазған облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң "Қазақмарганец" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн жекешелендiру жоспарын жүзеге асыруы үшiн қажеттi барлық шараларды жүргiзсiн. 
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г.Штойкке жүктелсiн. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады